Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

1 жастағы бала не істей алуы керек?

Фото: freepik.com

Бала өз бетімен немесе үлкендердің
көмегімен еңбектей алады және бірнеше
қадам жасай алады. Ол «да-да», «ма-
ма», «ба-ба» т.б. буындарды жақсы айта
алады. Кейбір сөздердің мағынасын
түсіне бастайды, оларды қайталауға ты-
рысады, ыммен түсіндіруге талпынады.
Затты көрсете алады, сәлемдесу белгісі
ретінде қолын бұлғай алады, алақанын
шапалақтайды, бармағының және сұқ
саусағының көмегімен ұсақ заттарды
ала алады. Қораптың қақпағын ашып,
жаба алады, қарындашпен қағаз бетіне
сыза алады, машинаны жүргізуге тыры-
сады. Суретті кітапшаларды ашып, суреттерін қарайды. Кітаптағы таныс затта- ры мен кейіпкерлерін саусағымен көрсетеді, кейбір суреттерді көргенде бірдей дыбыстар шығарады, саналы түрде 2-4 сөз айтады, қарапайым тапсырмалар- ды орындайды. Оған тұтқасы бар, соның көмегімен ойыншықты алып жүре алатындай немесе оны басқара алатындай ұстауға болатын заттарды, мысалы, арба, ойыншық машина, бесік арба, сондай-ақ, кубиктер, доптар, қуыршақтар ұсыныңыз.
Бұл жаста балаларда мысалы, саусақ сору сияқты түрлі дағдыларды байқауға болады. Бұл қалыпты жағдай және бала үшін өмірінің алғашқы айларында қалыптасқан өзінің сору рефлексін қанағаттандыру және тыныштанудың өзіндік әдісі болып табылады. Егер бала 4 жасқа дейін өздігінен саусағын соруды қоя алмаса, бұл оның тілінің шығуына және азу тістерінің дұрыс жарып шығуына қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан азу тістер жарып шыққанға дейін оның бұл әдетін қойғызу керек.

Ұқсас жаңалықтар

Уайымнан арылу жолы

Redaktor Site

Көлікті қалай жүргізіп үйренуге болады?

redaktor_qazyr

Киімдегі түйіршікті қалай кетіреміз?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz