Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратҚазірМұнай-газ саласыэкономика

500 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді: Жетісуда ірі жоба жүзеге асып жатыр

Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген “QazaqGaz” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Ақсу ауданындағы газ құбыры құрылысы алаңында болып, жобаның барысымен танысты деп хабарлайды Qazyr.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында газ инфрақұрылымын дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан ең ауқымды жобалардың бірі – “Талдықорған – Үшарал” магистралды газ құбыры құрылысы. Аталған жоба 2025 жылдың жылыту маусымына дейін пайдалануға берілмек. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасымен және Ұлттық қордың қаржылай қолдауымен қолға алынған стратегиялық бастама.

Бүгінгі таңда желілік бөлік толық салынып, Жансүгіров, Қапал, Қойлық,Сарқан, Қабанбай, Үшарал елді мекендерінде 6 автоматты газ тарату станциясының құрылысы басталды. Күрделі бедерлі жерлер мен су өткелдері арқылы өтетін учаскелерде жұмыстар аяқталу сатысында. Құрылысқа 148 арнайы техника мен 356 жұмысшы тартылған.

Санжар Жаркешов сапар барысында газ құбыры құрылысына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті:

“Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан ауқымды жоба. Жобаның әлеуметтік маңызын ескере отырып, біз жұмысты белгіленген мерзімінен бір жарым жыл бұрын – 2025 жылдың жылыту маусымына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – «QazaqGaz», облыс әкімдігі және мердігер компанияның бірлескен үлгілі командалық жұмысының нәтижесі”, – деді ол.

Жобаның техникалық сипаты: жалпы ұзындығы: 302,441 км, жобалық қысымы: 9,8 МПа, газ өткізу қуаты: жылына 385 млн м³, 6 АГТС және 6 бұрма салу көзделген.

Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатовтың айтуынша, биыл 6 елді мекен газға қосылса, қалған 60-ы 2026 жылға дейін қамтылады. Газ тартылатын нысандардың бірі – Ақсу қант зауыты. Бұл жобаның жүзеге асуы өңірдегі тұрғындардың өмір сапасын арттырып қана қоймай, өндіріс орындары мен кәсіпкерлікті дамытуға да елеулі үлес қоспақ.

“Барлық шаралар тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін жасалып отыр. Сонымен қатар бұл бастама өңір экономикасына үлкен серпін береді”, – деді Ә. Қанағатов.

Қазіргі таңда Жетісу облысында газдандырылған елді мекендер саны 84-ке жетіп, өңірдегі газдандыру деңгейі 58,2%-ды құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 71,4%-ға дейін жеткізу жоспарланған, бұл 500 мыңнан астам тұрғынды газбен қамтуға мүмкіндік береді.

“Талдықорған – Үшарал” жобасының толық іске асуымен тағы 66 елді мекен көгілдір отынға қосылады. Осылайша, 2028 жылға қарай облыстың 192  елді мекені табиғи газға қол жеткізетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда 21 жасар қызды,14 жасар ұл зорламақ болды

redaktor_qazyr

Орман шаруашылықтарына өрт сөндіру техникасын жаңартуға 26 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

admin_qazyr

Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI»-нің құрылысы басталды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz