Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірСаясат

6 жылға сотталған Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев, Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы болып қайта сайланды

6 жылға сотталған Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев, Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы болып қайта сайланды.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

Боранбаевтың Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы болып қайта сайлануына бүкіл спорттық федерация қолдап дауыс берген.

Біз Қазақстанда паралимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегияны жүзеге асыру процесіндеміз. Соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерімізге қарамастан, бізде әлі де көптеген жоспар бар. Соның арқасында Қазақстанның параспортшыларды кәсіби түрде дайындай алатын, оларға ерекше көңіл бөлетін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсететін ел ретінде беделін арттыра түсеміз, — деп жазды Боранбаев әлеуметтік парақшасында.

Естеріңізде болса, ол 2023 жылғы 31 наурызда бөтеннің мүлігін иемденгені және басқа сотталушылармен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ақшалай қаражатын қылмыстық жолмен иемденіп, заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылып 8 жылға сотталған.

Кейіннен сотталушылар кінәларын толық мойындап және 14,5 млрд теңге шығынды өтегенін ескеріп, жәбірленуші тараптардың келісімімен қала прокуратурасы процестік келісім жасау туралы шешім қабылдады.
Сот осы келісімге сәйкес шешім шығарып Боранбаевты 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

«Биыл 6 қарашада Қайрат Боранбаев түрмеден босатылды. Қылмыстық-атқару кодексінің 65-бабына сәйкес, бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен ауыстырылған сотталған адам қамаудан босатылады және бюджет қаражаты есебінен жазасын өтеу орнына өз бетінше барады», — делінген ҚАЖК мәлімдемесінде.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы күшейтілуде: әр тұрғынның тазалыққа қосар үлесі маңызды

admin_qazyr

Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

redaktor_qazyr

Өзбекстан қауға сақалдылармер күресіп жатырса,Ауғанстан көсе ерлерге шүйлігіп жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz