Буынның түрлері
Буын — сөздің айтылуында бөлшектенетін бір толқынды айтамыз. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады Мысалы: бо-ла-шақ.
Ашық буын- бір ғана дауысты дыбыстан, дауыссыздан басталып дауыстыға бітеді.
Мысалы: а-на, ба-ла.
Тұйық буын- дауыстыдан басталып, дауыссызға бітеді.Мысалы: ег-ін
Бітеу буын дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді.Мысалы: мек-теп, жаз.
Тасымал- жазып келе жатқанда, сол жолға сыймай калса, тұтас бір я бірнеше буынды екінші жолға көшіруді айтамыз.
Орфография- сөздердің дұрыс жазу ережелерін қарастырады.
Орфоэпия- сөздердің дұрыс айтылу ережелерін қарастырады.
Үндестік заңы- түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуын үндестік заңы дейміз. Үндестік заңының екі түрі бар:1. Буын үндестігі. 2. Дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі (сингорманизм) — сөздердің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай дауыстылардың да бірыңғай жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы: білім-ді (жіңішке)
жағым-ды (жуан).
Дыбыс үндестігі (ассимиляция) түбір мен косымшаның жігіндегі сөзбен сөздің арасындағы дауыссыз дыбыстардың ілгерінді- кейінді ықпал етіп өзгеруін айтамыз.Дыбыс үндестігінің екі түрі бар:
1) ілгерінді ықпал 2) кейінді ықпал.
Ілгерінді ықпал- түбір мен қосымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың алдынғысынын, кейінгі дыбысқа әсерін айтамыз. Мысалы:
Жазылуы: Нақыпбек,ала кел,Жаңақорган.
Айтылуы: Нақыппек,ала гел ,Жаңағорган.
Кейінді ықпал түбір мен косымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың, соңғысының алдыңғы дыбысқа әсер етіп, не ұқсатуын айтамыз. Мысалы:күрек- күрегі, тарақ- тарағы.
Жазылуы:
жазса,Жан-пейіс,он-бес
Айтылуы:
Жасса,Жам-пейіс,
Ом-бес.
- Тоғыспалы ықпал-түбір мен қосымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың, бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуі де басқа дыбысқа өзгеруін айтамыз.
Мысалы:
Жазылуы:
Досжан,Жанқожа
Айтылуы:
Дошшан,Жаңғожа
Екпін- сөз ішіндегі бір буынның ерекше айтылуы.Мысалы: Балалар.