Құрманың (финики) пайдасы
Құрмада көптеген дәрумендер мен минералды заттар бар. Олар жасұныққа (клетчатка), майға және ақуыздарға бай. Құрмада минералды заттардан натрий, калий, кальций, магний, темір, күкірт, фосфор және хлор бар. Сонымен қатар, құрманың дәнінде А дәрумені, бетакаротин, B1, B2, B3 және B6 дәрумендері бар.
Құрманың құрамындағы окситоцин деген химиялық зат заманауи медицинада босанатын әйелге жәрдем беретін препарат ретінде қолданылады. Окситоцин босану процесін жылдамдатады. Көптеген ғылыми дереккөздер бұл препаратты «жылдам босандыру» дәрісі деп сипаттайды. Бір қызығы босанғаннан соң окситоцин ана ағзасында сүт түзуші затқа айналып кетеді екен.
Окситоцин, негізінде мидың артқы жақ гипофизінде түзілетін және де толғақты шақырушы, жатыр және жамбас буындарын тарылтушы гормон болып табылады. Ананың ағзасын босануға дайындаушы да осы гормон. Окситоцин гормонының әсері бұлшық ет жасушаларында ана сүтін түзіуші ретінде және ана жатырының бұлшық етінде көрініс табады.
Босану процесі сәтті өтуі үшін жатыр бұлшық еттерін дұрыс қысу маңызды. Окситоцин өз кезегінде жатыр бұлшық еттерінің белсенді түрде қысылуына белсенді ат салысады. Сонымен қатар, босану процесі аяқтала салысымен ағзадағы өз қызметін атқара береді. Ендігі жерде ол сүт бездерінде ана сүтін түзе бастайды.
Құрманың құрамындағы бір ғана зат – окситоциннің болуы – Құрандағы Иләһи ескертпе екендігінің дәлелі бола алады.
Құрманың медицинадағы зор пайдасы жайлы зерттеулер ең алдымен әйел адамды босандырар кездегі ең таптырмас зат екендігі медицинада ашылған соңғы жаңалық болып отыр. Алайда бұған дейін, 1400 жыл бұрын Құранда Алла Тағаланың Мәриямға бұл жемістің жүктілік кезіндегі пайдасы мен босануын жеңілдетуші жеміс екендігін Өз даналығымен білдіргендігі айтылып қойған.
Ал сіз құрманы қаншалықты жиі жейсіз?