Qazyr.kz порталы
Руханият

Мүмкіндік туғанда қайтемін?

QAZYR.KZ Мүмкіндік туғанда қайтемін?

Авторы: Коби Ямада

Бір күні мен… мүмкіндікті байқап қалдым. Ол бір көрініп кетуге келсе керек.

Өзі менің ежелгі танысымдай, менен бірдеңе қалайтындай болып қарады.

Ол неге келді екен деп басым қатты. «Мүмкіндік қасыңа келгенде не істеу керек?» деп ойландым.

Ол айналсоқтап жанымнан шықпай қойды. Үстімнен қағып өтті. Қуаласпақ ойнап жүргендей ары-бері жүгіріп өтті, өзін ұстап алсын дейтіндей. Ұстап алмақ болып қолымды создым… бірақ бойымды күмән билеп, қолымды тарта қойдым. Ол ұшып кетті.

Осы жөнінде көп ойландым. Оны ұстап алмағаныма өкіндім. Ұстап алғым келгені анық еді, батылым жетпей қалды.

Тағы бір мүмкіндік келгенде сәл батылырак болуға тырыстым. Қолымды созып қуа жөнелдім.
Жетуге сәл қалғанда… ауа қармап, жығылып қалдым. Қатты ұялдым. Өзімді ақымақ сезіндім. Жұрттың бәрі маған қарап, мазақ қылып күліп тұрған сияқты.

Ендігәрі мұндай күйге түспеспін деп ант еттім.Бұдан соң мүмкіндік неше рет маңыма келсе де көрмегенсіп, елемей қойдым.Оларда келуін азайтты.

Бір күні мүмкіндік көрмегелі көп болғанын ойладым. Бәрі жоғалып кеткен сияқты. «Енді ешқашан мүмкіндік атаулы маған жоламай кет ше?» деп уайымдадым.

Оған мән бермегенсіп жүргенмен, шынында, көңілім күпті еді. Мүмкіндікті ұстап алсам деп әлі де армандайтынмын, бірақ қорқақ екенімді мойындадым. Ержүрек болуға шамам келе ме?

Содан соң: «үнемі батыр болу міндетті емес шығар. Сәті түскенде аз ғана уақыт батыл бола тұрсам жетпей ме?» деген ой келді.

Шешімді өзім ғана қабылдайтынымды түсіндім.Енді мүмкіндікті көзім шалса, жүгіріп барып шап беріп ұстап аламын деп өзіме уәде бердім. Сол сәтке үнемі дайын жүруім керек.

Бір күні (әдеттегі көп күннің бірі) алыстан жарқыраған бір жарық көріп қалдым.«Сол болуы мүмкін бе? Шынымен де мүмкіндік келгені ме?»

Оны іздей бастадым. Бар күшімді салып, барынша шапшаң жүгірдім.

Қалай түсіндірсем екен… үрейді жеңген бетте бойыма бір тың күш құйылды.
Үрей ешқайда кеткен жоқ, ол әлі де бар еді. Бірақ әлгі құлшыныс пен ынтығу үрейден басым түсті.

Жақындап келгенде ол расымен өте үлкен мүмкіндік екенін көрдім!

Сөйте тұра мен дайын едім. Қасыма жақындағанда қолымды создым да, оны ұстап алдым. Бар күшімді салып ұстап, жібермеуге тырыстым.

Мүмкіндіктің қанатына мініп қалықтап ұшқан неткен керемет, өзімді сондай еркін сезіндім!

Тартына берсең, мүмкіндік қашып кететінін сонда ұқтым.

Бұдан былай ешбір мүмкіндіктен айырылмаймын. Көргім келетін, білгім келетін қызық дүниелер толып жатыр!

Мүмкіндік туғанда қайтесің?

Оны ұстап ал… өміріндегі бір керемет кезеңнің бастауы болар.

Ұқсас жаңалықтар

Ақылбек Шаяхмет-Ағалар

Redaktor Site

Міржақып Дулатұлы- наурыз

redaktor_qazyr

Қуаныш Қолхаев

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz