Qazyr.kz порталы
Руханият

Нұржан Наушабайұлы: Сақтасын Құдай пендесін

QAZYR.KZ: Нұржан Наушабайұлы(1859-1958)

Сақтасын Құдай пендесін
Нақақтан болған жаладан.
Ердің басы не көрмес,
Өскен соң туып анадан.
Жақсылық не жамандық,
Барлығы бір Құдайдан.
Тізеден қан кешсең де,
Сақтаушы өзі иенің
Айырыла көрме тобадан.
Жігіттің басын бір іске
Іліндірмей қоймайды,
Асса бір қайрат қанадан.
Күшті орынсыз сарп етпе,
Келеді деп шамадан,
Аһ ұрып қалма бейғам боп,
Қармалап қолын соза алмай,
Ілінген күні сағадан.
Қызыл тілім шалқыма.
Іште сақтап шірітпей,
Бір азырақ леп шығар,
Мирас қалсын халқыма.
Аса кетіп қимылдап,
Қадағын пұтқа есептеп,
Кір жұқтырма қалпыма.
Дүниенің бар ма сенімі,
Бар сөзімнің не міні,
Кетейін тастап артыма.
Өзім кайдан білейін,
Сынап білер тыңдаушы,
Білгенім бүтін, жарты ма?!

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Күлаш Ахметова

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz