Кітап дүниеге келгеннен бастап адамзат ойының бір ғана керемет туындысы емес, сонымен бірге өткір идео- логиялық құралы да болғанын көреміз. Діни кітаптар- дың алдымен жарық көру себептері де таптық мүддеде жатыр. Билеуші таптар қарауындағы халықты бағын- дырып ұстау үшін олардың арасына дінді уағыздаған. Мысалы, тұңғыш Азия кітапханасы Орынбор муфтиінің өтініші бойынша Павел 1-нің 1800 жылғы бұйрығының негізінде шығарған. 1807 жылы «Сейфілмәлік» хиссасы мен әйгілі тарих- шы Әбілғазының «Түрік шежіресі» қазақ тілінде басыла- ды. Бірақ Қазан университеті баспаханасынан 1800- 1825 жылға дейін, соңғы айтылған екі-үш кітап болмаса, түгелдей араб тіліндегі діни кітаптар шығады. Бұл діни кітаптар тек хат танып, мұсылман шариғатының ереже- қағидаларын (тәпсір-хадістерін) үйрену дәрежесінде ғана білім беретін еді.
Алайда арада бірнеше жыл өткен соң халық ауыз әдебиетінің алуан түрлі үлгілері, шығыс әдебиетінің ке- сек-кесек туындылары, ғұлама оқымыстылардың ғылы- ми еңбектері том-том болып жариялана бастайды. Яғни кітап дамуының бұл екінші дәуірінде діни кітаптармен бірге «Ер Тарғын», «Қожанасыр», «Бахрамгур», «Жамит ат тауарих», «Рубғузы» сияқты тарихи, әдеби еңбектер де көбейеді.
Қазақ кітабы дамуының үшінші дәуірi 1865-1917 жылдарды яғни екі кезеңді қамтиды. Оның бірінші ке- зеңінде (1865-1900) қазақ кітаптарының тақырыбы кеңейіп, мазмұны, тілі жақсарды.
Үшінші дәуірдің екінші кезеңі (1900-1917) Россияда- ғы революциялық толқынмен тікелей байланысты болды. Елдің тағдыры, даму жолы жайында саяси әлеуметтік кітаптар мен оқулықтардың саны көбейді. Бұрын болма- ған жаңа жанрлар — пьеса, повесть, сөздіктер пайда бол- ды. Кітаптың бағасы көрсетіліп, кейбірінің тираждары белгіленеді, кітаптар жайында сындар, тізімдер, көрсет- кіштер, қысқа каталогтер шыға бастады. Шығыстың классикалық әдебиетін, оның өшпес мұраларын сөз ет- кенде біз алдымен исламдық мәдениетті айтамыз. Оны туғызған халық — арабтар. Ислам мәдениеті — ежелгі замандарда дәуірлеген. Алайда оның тамаша жетістікте- ріне арабтармен қатар парсы, түрік халықтары да зор үлес қосқан. Осы халықтардан шыққан Фараби, Фердау- си, Низами, Бируни, Хафиз, Науаи, Ұлығбек, Авиценна, Саади, Хаями, Аверрос, Физули, Жами, тағы басқалар өз еңбектерін екі-үш тілде бірден арабша, парсыша, түрікше жаза білген. Ерте заманда әуелі араб, одан соң парсы тілі халықаралық тіл саналған. Осы тілдерді, сонымен бірге сол тілдердегі кітаптарды азиялықтармен қатар европалықтар да білуге тырысқан. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалап, әдеби ті- лін қалыптастырған Абай да жас кезінде «Әлиф деп ай юзіне ғибрат оттім», «юзі раушан көзі гауһар» деген бі- рер өлеңін, бірсыпыра қара сөздерін араб, парсы термин- дерін қолдана отырып жазады. Орыс халқының өткен тарихына үңілсек те осы тек- тес жағдайды көреміз. Оларда да өуелгі кітап діни бағытта болды. Ал мазмұны да көне славян тілінде, немесе грек, латын сөздерімен араласқан. Оны орыстар «Ескі шіркеу, немесе славян тіліндегі» кітаптар деп атайды. Алғашқы орыс академиясы «грек-славян-латын» аталға ны осыған айғақ. Әдеби тілмен жазылған азаматтық кітап тек Петр біріншіден бастап қалыптасады. ХІХ ға- сырда орыс жазушылары, ғалымдары француз, неміс сөздерін кітаптарында кеңінен қолданып отырғаны мәлім.
Тұжырып айтқанда 1800-1840 жылдары шыққан алғашқы кітаптардың әр тілде жазылып, сан түрлі арна- ның құйылысынан қалыптасуы заңды да еді. Өйткені олар медресе, мектеп, өкімет талабына сай жазылған оқулықтар болатын. Ал Абай, Шоқан, Ыбырайдан соң талап та, талғам да жетіле түседі. Шыққан кітаптар әдеби тіл, немесе ауызекі тілдің әсем өрнектерімен жазыбаст мен Бұл қаздын Бұл pic бай бол бас жыдырысығалып, басылды. Әдеби тілдің қалыптасу мерейінің ірі жетістігі 1909 жылы шыққан Абайдың кітабы болса, оның арқауы 1862 жылы басылған «Ер Тарғын» эпосында жатыр. Әде- би тілге азды-көпті үлес қосқан кітаптарға Ыбырайдың «Мактубаты», Бекимов аударған «Капитан қызы», Махамбеттің өлеңдері, Дөнентаевтың «Уақ-түйегі», Жомартбаевтың «Қыз көрелігі» мен «Балаларға жемісі», С. Көбеевтің, М. Сералиннің, С. Сейфуллиннің револю циядан ілгері шыққан еңбектері жатады. , қаймағын бұзбай
Ауыз екі тілдің майын тамызған ұйтқысын сақтаған халқы сүйген кәдірменді кітаптарға «Өсиет наме», «Қозы-Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жі бек», «Қобланды», «Біржан — Сара айтысы», «Тоқта- мыс» жыры жатады. Көптеген авторларды кітаби тілмен жазды деп кіналауға немесе мансұқ етуге болмайды. Өйткені олардың мақсаты неге біздер де халқымыз игілігі үшін білгеніміз- ді айтып кітап жазбаймыз деген ізгі ниеттен туған. Оған бір ғана мысал: «Рүстем» хиссасын аударған автор сөзі:
Мұны жазған Хұсаин менің атым. Өзім өлсем, өлмейді жазған хатым.
Қорыта келгенде, ХХ ғасыр басындағы баспасөз бен баспа ісінің өрлеуі рухани өмірдегі өзіндік жаңалықтар мен жаңа туындыларды да қазақ әдебиетіне ала келді. Бұл жаңалықтар ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде, қазақ әлеуметтік ойында сыншыл реализмді, халықшылдықты, терең патриотизмді бекіткен табысты жемістер. Бұл өмірдің шындығын жырлау, өмірдегі әлеуметтік өзге- рістерге сын көзімен қарау, Отанын, елін, туған жерін жырлау, халық мұңын, арманын айту тақырыптарынан байқалады; екінші, қазақ әдебиетінде тұңғыш рет бұрын болмаған роман, пьеса, аударма сияқты жанрлардың туа бастауы.
ХХ ғасыр басындағы революцияшыл-демократтық ой- дың дамуы, осы бағыттағы қазақ кітаптарының шығула- ры келесі ұлы сатыға — 1917 жылғы Октябрь революция- сына дайындық, марксистік әдебиеттің тууына негіз бол- ғандығын айқын көреміз. Совет өкіметі бұрын езілген ұлттарға бір ғана саяси бостандық беріп қойған жоқ, сонымен бірге түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет революциясын жасады. Ғылым мен мәдениет бір күнде туған жоқ. Ол адамзат- тың, оның ішінде Орта Азия халықтарының да талай ға- сыр рухани дамуының арқасында жетіліп, қазіргі дәреже- ге жетті. Өйткені қандай жаңа болмасын ескінің құрса- ғында жетіледі, сондықтан да ескіні танымай жаңаны болжау қиын. Бұл кітаптың да алдына қойған мақсаты оқушыны қазіргі қазақ кітаптарының негізі қалай қалан- ды, халыққа қалай таратылғаны жайлы мәліметтер беріп, бір кездегі «бұратана» халыққа царизм қолданған саясат- ты жоққа шығарып, қазақ халқы тек қана құрым жамы лып, құм кешіп жүрген ел емес, даласымен қатар қаласы.
Осы тектес авторлар қалам ақы алмай кітапты шыға- ру үшін өз қаражатын жұмсаған! Әңгіме олардың тіл кемістігінде емес, әңгіме кітапқа деген талғамының бір- тіндеп өсуі, жетілу, өрістеу сатысында болып отыр. Кі- тап мәдениетінің қалыптасу процесінің талай-талай сүр- леу, соқпақ жолдардан кешуінде,-дейді.
Фазыл інім, қалаға бара қалсаң Жібергін баспашыға осы аманатым,-надандығымен қатар өзекті мәдениеті де (жазуы мен қол- өнері, әдебиеті) болған ел екендігін нақтылы материалдар- мен дәлелдеу.Осы мәдениеттің ілгеріде де, қазірде де өзекті саласыың бірі — кітап өнері, кітап басу өнерінің дамуы әдеби тілдің қалыптасуына, сана-сезімнің ержетуіне, жазу мен орфографияның онан әрі дамуына әсерін тигізді. Қазақ халқы бұл күндегі жазуға (орыс алфавитіне) түгел дерлік осыдан отыз жыл бұрын көшті. Бұған дейінгі қазақ кітап- тары 1929 жылдан 1939 жылдар арасында латын әрпімен басылып келген болса, 1929 жылға дейін бірнеше ғасыр бойы араб әрпімен жазылып, теріліп келді.
Қазақ кітаптарының тарихын, мазмұнын білем деуші талапкерлерге үш алфавитті де оқи, жаза білуі қажет екендігі енді түсінікті. Орыс графикасына көшу социалистік қоғам тілегінен туған, өскелең өмір талабына сай даму процесі. Орыс гра- фикасымен басылған қазақ кітаптары революциядан бұ- рын да бірнеше рет тәжірибе р тәжірибе ретінде жарық көрді. Мысал үшін Орынборда басылған Ыбырай Алтынсаринның «Мак- тубат» атты хрестоматиясы, Н. И. Ильминскийдің қазақ балаларына арнап жазған оқулығы, П.Распоповтың «Қазақ поэзиясының үлгілері» деген кітабы, проф. П. М. Me- лиоранскийдің Петербургте басқан «Тоқтамыс жыры», тағы басқаларын атауға болады. Алайда мұның барлығы қазақ жастарын орыс тілін үйренуді жеңілдетуге, орыс жазуына машықтандыруға істеген ізгілікті істер еді. Ол кезде царизм жағдайында бұл ізгі ойлар мемлекеттік дәрежеге көтеріле алмады. Қазақ жэне басқа езілген ұлттар тек Совет өкіметі тұ- сында, 1939 жылдан бастап орыс алфавитін жаппай қабылдауға мүмкіндік алды. Әрине, орыс алфавитіне ке- шу — орыс халқының тамаша да бай тілін үйренуге, сол тілде жазылған мол қазыналардан: ұлы шығармаларды, ғылым, өнер туындыларын меңгеруге зор көмегін тигізіп отыр. Әсіресе, баспа ісі мен мерзімді баспасөз дамуына, бірыңғай әріп байлығын қолданып, полиграфия техника- сын пайдалануға кеңінен жол ашып отыр.
Орыс алфавиті халықаралық жазу ретінде, орыс тілі халықаралық тіл ретінде біздің мәдениетіміздің дамуына орасан зор әсерін тигізіп отырғандығына бұл күнде шүбә жоқ.