Баяғыда осындай бір інішегім болды. Миллионер. «Долларовый» миллионер. Үлкен қызметте істейді. Маған «көке-көке» дейді, өзі менімен рулас. Бір күні: «»Көке-көке» дейсің, көкеңнің Әуезов театрында «Актриса» деген премьерасы өтіп жатыр, келінді ертіп келіп көрсейші» дедім, «Ойбай, көке барамын, шопырымды жіберемін, билет жіберіңіз» деді. Билет жібердім. Артынан ызбандайды: «Көке, Әуезов театры қай жерде» деп. «Әй, бармай-ақ қой» дедім. Мен осындайларға таңғаламын.
Кейіннен жолыққанда айттым: «Сен ғой Алматыда бес жыл оқыдың. Қол ұстасып келінмен қыдырып жүрдіңдер. Сонда бір де бір рет театрға барған жоқсыңдар ма? Келін де айтпай ма театрға барайықшы деп, сонда екеуің кездескенде не сөйлесесіңдер?! Ішкен-жегендеріңді ғана айтасыңдар ма?! Жаңадан алған көйлегіңді айтасың ба? Әлде шалбарыңның балағын қысқартқаныңды не ұзартқаныңды айтасың ба?!» Міне, осындай тоғышарлар көбейіп бара жатыр. Қазіргі көптеген чиновниктер оқу бітіргенен кейін, бірде бір көркем шығарманың бетін ашпағанына кәміл сенемін.
Алдыңғы
Келесі