Qazyr.kz порталы
Руханият

Ахмет Байтұрсынұлы

Халқымыздың біртуар перзенті, ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» ұлттық кеңесінің, «Алашорда» үкіметінің негізін қалаушы мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы, қазақ тілі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы лингвист, ақын, мысалшы, «Қазақ» газетінің ұйымдастырушысы әрі шығарушысы, бас сарапшы, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5-қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Торғай өңірі Сарытүбекте дүниеге келген.

1919 жылы Қазақ революциялық комитетіне мүше болып тағайындалды яғни Кеңес өкіметі кезінде де жоғары қызметтер атқарды: Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби Комиссияның төрағасы, халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан халық комис- сариаты Академиялық орталығының жетекшісі, Алматы, Таш- кент жоғары оқу орындарының профессоры болды. А.Байтұрсынұлының жары Бадрисафаның шын аты – Александра.

А.Байтұрсынұлы әлеуметтік ортаға ықпал ету үшін «Қырық мысал» жинағын 1909 жылы Петерборда жариялайды. Бұрын еме- уірін, ишара, меңзеу, астар, мысалмен берілген ойлар «Маса» (Орынбор, 1911) кітабында ашық, анық, нақты айтылады.

Бұл жинаққа «Маса», «Сөз иесінен», «Жазушының қана- ғаты», «Туысыма», «Қазақ қалпы», «Қазақ салты», «Достыма хат», «Жиған-терген», «Анама хат», «Тілек батам», «Жауға түскеннің сөзі», «Адамдық диқаншысы», «Бақ», «Тарту», «Қа… қаласына», «Жұртыма», «Жұбату», «Н.Қ. ханымға», «Ақын ініме», «И.Б. жездеме хат», «Жауап хаттан», «Ғылым», «За- мандастарыма» сияқты төлтума өлеңдерімен қатар Вольтер, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ю.В.Жадовская, С.М.Надсон сияқты Ресей, Еуропаның ақындарының өлеңдерінен аударма- лар мен автордың үш мысалы енген екен.

Дереккөз: М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кітапханасы

Ұқсас жаңалықтар

Айттым сәлем

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz