Qazyr.kz порталы
ӘмбебапПайдалы кеңестер

Тәттіні көп жесе не болады?

Тәттіні көп жесең, сусамырға шалдығуың мүмкін..

Сусамыр (диабет) — бұл ағзада инсиулиннің аздығынан, не белсенділігі төмендігінен туындайтын ауру. Инсулин деген біздің денеміздегі жасушалардың қантты (глюкозаны) сіңіруін қамтамасыз ететін гормон. Глюкоза энергияның басты қайнар көзі болғандықтан, инсулин біздің ағзамыздың ең маңызды гормоны. Сусамырдың екі түрі болады. Біріншісі — инсулинге тәуелділік (бұл ұйқы безінің қажетті гормонды өндірмейтін болғандықтан адам инъекция жасауды қажет етеді) және екіншісі — инсулинге тәуелсіздік (бұл гормон жеткілікті түрде өндіріліп, бірақ оны ағзаның сіңірмеуі). Қант сусамырының бірінші түрінінің неден пайда болатындығы толық анықталмаған. Бірақ дәрігерлер ауру ген арқылы таратылғандықтан адамды одан сақтандыру мүмкін емес дейді. Ал сусамырдың екінші түрі көбіне тәттіні көп пайдаланғаннан, май басудан пайда болатын семіздікпен байланыстырылады. Өйткені тері астындағы қалың май қабаты жасушалардың инсулинге деген сезімталдығын төмендетеді. Глюкоза сіңірілмегендіктен, зат алмасу бұзылып, адамға қауіпті диагноз қойылады және оны қатаң диетаға отырғызады. Ал «тәттіні көп жесе, қандағы глюкозаның деңгейі жоғарылайдыда, ағзада инсулинді көп өндіріп, ағза істен шығады» деген пікірді дәрігерлер теріске шығарады. Бұл тек сусамырдың екінші түрінде ғана әсер етуі мүмкін, ал оның бірінші түрінде ешқандай әсері жоқ.

Қорытынды: қант — ауруға шалдықтырмайды, бірақ семіздікке бейім адамдар мен осы аурумен ауратын туысқандары бар адамдар сусамырдың екінші түріне шалдығу қауіпін жоғарылатады.

Ұқсас жаңалықтар

Бесік құрылысы

Redaktor Site

АЭС туралы тұрғындардан сұхбат алған «Орал апталығы» газетінің бас редакторы Тамара Еслямованың басы дауға қалды

redaktor_qazyr

Шаштағы қайызғақты қалай кетіруге болады?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz