Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қасым хан және оның жорығы

Қасым хан (шамамен 1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521),Жәнібек ханныңұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректердеҚасым хан 15 ғасырдың70 – 90жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханыКерейдіңұлыБұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым ханболды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан жәнеЖәнібек ханныңбасқа да ұлдарыСығанақ,Сауран,Отырар,Сайрамтүбінде бірнеше ретШайбани ханәскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басындаМауераннахрдыбағындырып, үлкен күшке ие болғанМұхаммед Шайбани хан1506 – 10жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады.Бұрындық ханШайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшінБұрындықханнаналыста көшіп-қонып жүрді» делінеді.1510жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығыҰлытауөңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болсаСамарқанжаққа кетуге мәжбүр болады.1511 – 13жылдары Қасым хан Шайбанилар ісімен айналысады.1512 –13жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзіТаразжаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым ханТашкенткежорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады.1513жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханыСұлтан Сайд ханелшілікпен келеді. Оның мақсаты – ТашкенттегіСүйініш ханға, жалпы Мауераннахрдағы шайбанилар әулетінеқарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломат. жолмен жауап береді.Сұлтан Сайд ханмақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады.1517 – 21жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекараЕділгедейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді.

Ұқсас жаңалықтар

Әлем елдерінің жер көлемі бойынша тығыздығы

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Абайдың 33-ші қара сөзі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz