1944 жылы 14 қазан күні Эрвин Роммель таңғы сағат 7:00-де ұйқыдан оянып таңғы асын ішіп барып ұлы Манфредпен бірге бақшаға серуендеуге шықты. Эрвин Роммельдің жеке өтініші бойынша Манфред Харлингенге әскерден таңғы сағат 6:00-де пойызбен оралған болатын. Манфред ресми түрде бiр апталық демалыс алуға құқылы еді. Бақшада серуендеп жүрген Роммель ағаштардың арасынан өтіп бара жатып азаматтық киімде тұрған қарулы сарбаздар мен 5 жүк көлігін байқап қалады да баласына бұрылып Берлиннен түсте бiр — екi генерал қонаққа келеді. Ол өзінiң достары мен серіктестерінің көпшілігінің қамауға алынғанын немесе өлiм жазасына кесілгендiгi үшін қатты алаңдаулы екенiн түсіндірді. Соған қарамастан Роммель оданша олардың Шығыс майданға жөнелтiлуi дұрыс еді деп ойлады. Нацистік генералдармен кездеспес бұрын Роммель киімін Африка корпусының гимнастёркасына ауыстырды.
Гитлердің генералдары Вильгельм Бургдорф пен Эрнст Мейзель түс ауа Роммельдің үйіне қонаққа келгенде олар сыпайы түрде Роммельмен оңаша сөйлесулерін өтінді де оған таңдау ұсынды: не халық соты алдында жауап беру не цианид калий iшiп өз — өзiне қол жұмсау. Олар Роммельге халық сотының өзіне ғана емес бүкіл отбасына әсер ететінін ескертті. Қалай болғанда да бұл «20 шілдедегі қастандыққа» қатысты сот процестерінің барлығы өлім жазасымен аяқталады.
Роммель өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдап ол не болып жатқанын отбасына баяндауды талап етті. Нацистік генералдар оған құлақ асып бұл құпияны оның отбасынан басқа ешкім бiлмеуi тиiс деп ескерту жасады. Содан соң Роммель ұлы Манфредке барып қобалжулы дауыспен: «Төрт сағаттан кейін мен өлемін!» — дейді. Бұл сөздерден шошып кеткен Манфред әкесінен: «Сонда бiз өз — өзiмiздi қорғай алмаймыз ба?» -дейдi. Оған Роммель: «Оның еш мәнi жоқ!» Бәріміз атылып өлгеннен гөрі бiр өзiм өлгенім артық!»- дейді.
Бұл үйге Роммельдің Бірінші дүниежүзілік соғыстағы ескі досы және оның жеке адъютанты болған Герман Альдингер де келді. Эрвин мен Герман жаяу әскер болғанға дейін соғысты бiрге талай жылдар бойы көрген жақын достар еді. Нацистік генералдар Роммель Манфредпен оңаша сөйлесе тұрсын деп Альдингерді жiбермей қояды. Кейін Роммель ақыры Альдингердi бөлмесiне шақырып алып не болатынын айтты. Альдингер болса наразылық білдіріп барып: «Роммель досым былай жалғыздықта өмір сүргенше мен сен үшін өлуге даярмын!» — дейді. Досың сабырға шақырған Роммель: «Альдингер досым сабыр ет! Оған шара бар ма? Қолымыз жiпсiз байлаулы егер бұлай iстемесем отбасымның жағдайы не болмақ?»- дейді де Роммель кiлт тоқтап барып: «Он минуттай уақытым қалыпты маған тездету керек»-дейдi. Содан ол әйелімен қоштасу үшін жоғарыға көтерілiп бүй дейді: «Бес минуттан кейін мен өлемін…..Фюрердiң атынан маған таңдау ұсынылды: не халық сотының алдында жауап беру не цианид калий iшiп өлу қалды. Оған қоса Штюльпнагель Шпейдель және Хофаккер менi айыптап отыр. Тіпті обер-бургомистр Герделердің өзі менi рейхcпрезидент ретінде тiзiмге қосып жiберiптi»- дейді. Оның әйелі күйеуі «Opel» автокөлігіне отырып Ульмға қарай емес қаланың сыртына жүргенше жылауын тыя алмады.
Әйелі онымен жылап тұрып қоштасып Роммель пальтосын киіп Манфред пен Альдингерді ертіп үйден шығып кеткенде сүйікті такса итi оның соңынан еріп кетті. Сонда Роммель бұрылып итке тиесле қарап: «Ее мұның да шаруасы бiтiптi ғой. Фрау Шпейдельге бас көз болыңдар Манфред балам!»- дейді де көлікке қарай жақындайды. Ауыл тұрғындары да Роммельдің ұлымен және қарт жолдасымен соңғы рет қош айтысып бара жатқанын тамашалап тұрды. Роммель «Opel» көлігінiң артқы орындығына отыра кеткенде оның екі жағында Бургдорф пен Мейзель фельдмаршал қашып кетпес үшін екі жағын бақылап отырды. Көлікті тiзгiндеген СС Гауптшарфюрер Генрих Дюзе қаланың сыртына белгісіз бағытта жүрiп кетті.
Ақыры Роммель өзінiң өлімін Харлингендегі үйінен 15 минуттық жердегі ну орманда қарсы алды. Көлік орманды жерге тоқтағаннан кейін Роммельге цианид калий ұсынылып көлікте жалғыз қалдырылды. Жүргізуші Генрих Дюзе өзің Мейзель көліктен алып кетiп алыс емес қамыстың арасына апарып жасырғанын ал Бургдорф көліктен алыс емес жерде темекі шегiп тұрғанын жазған. 5-10 минуттан кейін Бургдорф оларды қайта шақырғанда көлікте олар Роммельдiң өлi денесін байқап қалды. Оның у iшкен құтысы бос қалпағы еденге құлаған маршалдық темiр таяғы қолынан түсіп қалған екен. Жүргізуші Генрих Дюзе көлiктiң артқы есігін ашып шаң басқан қалпағын еденнен көтеріп шаңын қағып жiберiп фельдмаршалдың басына кигізді де қолына маршалдық темiр таяғын қолына ұстата кетті.
Манфред Роммельдің айтуынша әкесін алып кеткеннен кейін небәры 20 минут өткенде телефон шырылдады. Альдингер телефон тұтқасын көтергенде оған телефон тұтқасының әр жағынан Эрвин Роммельдің қайтыс болғанын айтты. Сол күні Берлинде Эрвин Роммельдi сән салтанатпен жерлеп оған гүл шоқтары қойылды…….
Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Қуаныш Нұрпейсов (тарихшы)