Пусан қоршауы (корей. 釜山鎭戰鬪, 부산진전투, жапон. 釜山鎮の戦い, Фузантин но Татакай) — 1592 жылы 25 мамырда жапон және корей әскерлері арасында Пусан бекінісі үшін болған шайқас жапондардың жеңісiмен аяқталды.
1592 жылы 23 мамырда түс ауа жапон басқыншыларының алдыңғы қатары (авангард) 400 жеңіл қайықпен Цусимнен Пусан шығанағына келiп жетті. Бұл 18 700 сарбаздан тұратын 1-ші жапон экспедициялық армиясы еді. Әскердің тірегі қолбасшы Кониси Юкинаганың әскерлері (7 мың адам) тұрған. Сонымен қатар оның құрамында Со Ёситоси (5000 адам) Мацури Сигэнобу (3000 адам) Арима Харунобу (2000 адам) Омура Ёсиаки (1000 адам) және Гото Сумихару (700 адам) болды. Бұлардың көпшілігі Кюсю аймағынан келген христиан — жауынгерлер аркебузамен қаруланған. Олар жағажайға түсірiлiм жүргізбей портта күтумен болды. Жапондар корейлер қытай шекарасына соғыспай-ақ өткiзiп жібереді деп үміттенді өйткені жорықтың басты мақсаты Кореяны емес Қытайды жаулап алу болатын.
Ал корей жағы жау әскерлерiнiң таңертең жақындап қалғанын байқап қалды. Пусан гарнизонының қолбасшысы 60 жастағы Чон Баль дабыл қағып бекіністің барлық қақпасын жауып қорғанысқа көшуге бұйрық берді. Ол көрші бекіністерге жапондар келе жатқанын хабарлау үшін хабаршылар жіберді. Кёнсан провинциясының сол және оң қанаттағы корей флоттарын басқарған Пак Хон мен Вон Гюн қолбасшылар теңізде сандық және техникалық артықшылығына қарамастан жапон флотына шабуыл жасауға асықпады. Бұл корейлердің ең алғашқы жiберген үлкен қателігі болды.
Сағат 19:30-да жапон қолбасшысы Со Ёситоси пiрәдар Генсонды ертiп Пусан қорғаушыларына хат жолдап онда жапон әскерін соғыспай қытай шекарасынан өткiзудi талап етті. Корейлер үнсіздікпен жауап берді бұл бас тарту ретінде қабылданды. 24 мамырда таңғы сағат 4:00-де Жапон экспедициялық армиясы жағажайға түсiрiлiм жүргізуге кірісті.
Жаудың қорғаныс шебін бұзып өтіп Корей түбегінің оңтүстік жағалауында бекіну үшін жапондар өз күштерін екіге бөлді. Корей бекіністеріне бiрнеше бағытта шабуыл жасау туралы шешім қабылданды: Корей бекiнiстерi Пусанджин Тадэджин (корей. 다대진성) бекіністері және Нактонган өзенінің сағасы мен Сопхёнпо портына (корей. 서평포,) шабуыл жасалды.
Бірінші шабуылды Кониси Юкинаганың күйеу баласы Со Ёситоси жасады. 1592 жылы 24 мамырда кешкiciн жапондар Пусанджинге жақындады. Со Ёситоси корей қолбасшысы Чон Бальға соңғы рет өтініш жасап ол корейлерге зиянын тигізбеуге уәде беріп оған берiлудi талап етті. Корей қолбасшысы Чон Баль берген уәдеден бас тартып ол корей билеушісінің жапон басқыншыларының шабуылын тоқтатыны туралы бұйрығы бар екенін айтып түсіндірді.
25 мамырда таңға жақын жапондар Пусанджинге шабуыл жасады. Корей гарнизоны қорғаныс жасап жебелерi таусылғанша қорғанды. Ақыры аркебузалардың оғы бекiнiстегi барлық қорғаушылардың көзiн жойғаннан кейін жапон басқыншылары Пусанджинге басып кірді. Сол кездегі шабуыл жасаған жапон жауынгерлерінің бiрi Ёсино Дзингодзаэмонның айтуынша қала жермен-жексен етілді. Шайқас сағат 9:00 — дер шамасында аяқталды. Корейлердің қарсылығы толығымен жойылды. Жапондардың есептеуiнше қаза тапқан қорғаушылар мен қала тұрғындарының саны 8500 адамды құрады. 200-ге жуық ерлер мен әйелдер тұтқынға алынды. Пусанджин гарнизонының қолбасшысы Чон Баль ұрыста қаза болды. Олар оның қасынан өз-өзіне қол жұмсаған 18 жастағы күң Эхянның мәйітін тапты.
Пусанджиннің құлағанын естiген Кёнсан провинциясының Сол қанаттағы корей флотының қолбасшысы Пак Хон теңіздегі жапон армадасына шабуыл жасаудың орнына Кичан әскери-теңіз базасы маңындағы теңізде өз флотын батырып жіберді. Жүз ірі кеме соның ішінде 50 пханоксон (판옥선) класындағы кемелер – бүкіл корей флотының төрттен бірі жау қолына тимес үшін суға батырылды. Пак Хонның өзі Сеулге қашып офицерлері мен теңізшілерін тағдырдың қалауына қалдырып кетті.
Пусанджин үшін шайқаста корейлердiң соғысқа дайын еместігін көрсетті. Корейлердің қару-жарағы сауыт-саймандары дайындықтары мен ұрыс тактикасы жапондардан әлдеқайда төмен болды. Барлық жағынан жоғары тұрған корей флоты да жапон флотына қарсы шайқаста командалық сипатта әлсіздік пен қорқақтық танытты. Нәтижесінде басып алынған Пусанджин Кореядағы жапон әскерлерінің негізгі базасына Корей түбегі мен Жапония арасындағы байланыс нүктесіне айналды. Кейін бұл Корея тарихындағы Имжин 1592-1598жж соғысы яғни жетi жылдық соғысқа алып келді……
Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Қуаныш Нұрпейсов (тарихшы)