Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Түрмедегі ең бақытты адам–Джо Арриди

Шынайы оқиғаға негізделген.
Америка тарихында бұл оқиға екі адамға шабуыл жасағаны үшін өлім жазасына кесілген адам жайында айтылады. Кейінірек ол «Түрмедегі ең бақытты адам» атанған. Неліктен бұлай болды? Не себепті оған сондай лақап ат қойды? Бәрін бүге — шүгесiне дейін айтатын боламын.

Джо Арриди 1915 жылы Колорадо штатындағы Пуэбло болат қорыту зауытының қалашығында дүниеге келген. Ол бес жасқа келгенге дейін мүлдем сөйлеген жоқ. Бала мектепке барғанда мұғалімдер Джоның әдеттегі мектеп бағдарламасын игере алмайтынын айтып түсіндірді. Кейін анасы онымен бірге үйде оқуға тырысады. Алайда одан еш нәтиже шықпаған соң Джо 10 жасқа толғанда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған Колорадо мемлекеттік мектебіне жіберілді. Жеке iстерiнде оның IQ — көрсеткішi дәрігерлердің айтуынша 46 баллмен бағаланған. Бұл дегеніміз ғаламшарымызда 1%-дан аз көрсеткішке ие өте төмен көрсеткіштi бiлдiредi. Орташа қалыпты — IQ көрсеткiш 90-100 баллды құрайды.

Арриди 1925 жылы ерекше балаларға арналған мектепке жiберiлгенде сол кезде оның дамуы алты жасар баланың ойлау қабілетімен бiрдей болды. Джо сөйлей білгенімен жаза алмады қарапайым математикалық есептерді шеше алмады түстерді есте сақтай алмады тіпті ән де айта алмады. Оның ерекшелігі басқаларға оны оңай басқаруға мүмкіндік берді. Бір күні сыныптастары одан өзі жасамаған ұрлықты мойындауын сұрайды. Байғұс Джо өзі жасамаған ұрлықты өз мойнына алады. Бiр жылдан кейін бала мектепте адамдар өміріне бейiмделе басталғаннан кейін үйiне оралды. Ал үйiнде Джомен айналысатын ешкім болмады. Тiптi басқа мектептер де оны қабылдамады. Бала ешкімге керек болмаған соң көше кезіп күнi бойы уақыт өткiзумен болды. Әйткенмен ата — анасы Джоны мектепке орналастыра алды. Бірақ баланың бағдарламаны игере алуы қиынға соқты.

Төрт жылдан кейін 1929 жылы Арриди мемлекеттік мектепке қайта жіберілiп онда ол жеті жылдай болды. Бала бiрнеше мәрте мектептен қашып жүрді. Бiрақ мектеп басшылығы оны әр жолы қайтарып отырды. 1936 жылы Джо Арриди 21 жасқа толғанда мектепті тастап кетті. Ол негізінен көше кезіп жүрiп анда-санда үйін бiр көретін. Бірақ жаздың соныңдағы сұмдық оқиғадан кейін оның өмірі түбегейлі өзгерді.

1936 жылдың 15 тамызына қараған түні 12 жасар Барбара Дрейн мен оның 15 жасар әпкесі Доротидің ата-анасы қонаққа кетті. Осы кезде олардың үйіне белгiсiз бәз біреу жасырын кіріп қыздарды ұйықтап жатқанда өлтірмек болған. Нәтижесінде Барбара ғажайып түрде аман қалып жан сақтау бөлімінде болса ал Дороти өкiнiшке орай көз жұмды. Содан iздестiру жұмыстарын бастаған Колорадо штатының полициясы қыздардың әкесінде жұмыс істеген мексикалық күдіктi Фрэнк Агилараны iздестiре бастайды. Оның артынан бірнеше айғақтар қалып кеткен. Барбара ұйқыдан оянғанда кici өлтiрушiнi танып қалған. Ал полиция болса Агиалараның үйінен балтаға өте ұқсас қаруды тапқан. Күдікті Агилар сотқа келгенде кісі өлтіргенін мойындамады. Оған тiптi айғақтар жеткіліксіз болған. Халық полицияға шағым айтып дереу өз ісін мойындайтын кiсi өлтірушіні табуды талап етті. Сол кезде билік Джо Арридиден жауап алуды шешті.

Жас жігіт полиция мен тергеушiлерден әбден қорқып тергеушілер одан жасамаған ісін мойындауға оңай көндіреді. Кезінде сыныптастары да одан жасамаған iсiн мойындауға көндірген болатын. Оқиғаның ертеңінде жауап алу кезінде полиция оны жасаған Джо Арриди екенін айтып жазбаша қағазды көрсетті. Алайда бәрі 21 жастағы жігіттің мұны баспа әріптермен әрең жаза алатынын ұмытып кетті. Оған қоса офицерлер Арриди қыздарды бейсбол таяғымен ұрды деп сендірген бірақ кейін тергеушілер олардың балталанғанын анықтады.

Сот залындағылар күдіктілер Фрэнк Агилар мен Джо Арриди қылмысқа екеуінiн де қатысы бар деп айып тақты. Сол кезде орнынан атып тұрған Агилар бұны жасаған ол емес екенiн айтып ақталып бар кiнәнi Арридиге жапты. Арриди болса айналада не болып жатқанын түсiнбесе де бар кiнәнi өз мойнына алды. Ол тiптi өз құқығын қорғай алмады. Бірнеше жылдан кейін ғана Арридидің сол түні қалада болмағаны анықталды.

Бұрын да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар Фрэнк Агилар ұйықтап жатқан үй қызметшісіне шабуыл жасағанда үй қызметшісімен қарсылас кезінде ол сол мезетте үйден қашып шыққан. Сонда Агилар қылмыстық жазадан оңай құтылып кетті. Ал Арридиге қарсы айғақтар өте аз болды. Мәселен Джоға тиесілі емес шаш қылмыс орнында табылған. Оның мойындауы ол Агиларды білетін болып шықты. Одан сыбайласың кiм дегенде? Ол: «Бұл Фрэнк» — деп жауап қатты.

Арриди оңай сенгіш болғанымен оны тергеушілер Фрэнк Агиларды анықтауға мәжбүрледі ме немесе ол екеуі бұрын бiрiн — бiрi кездестірді ме — енді ол жағын бiлу қиын. Сот залына Барбара Дрейн келiп сот төрайымына сенімді түрде Агиларды нұсқап Джо Арридиді бұрын еш жерде кездестірмегенін айтты. Бірақ Арридиге қарсы айғақтардың бұлыңғырлығына қарамастан 1936 жылы 22 желтоқсанда оған бәрібір өлім жазасы тағайындалды.

Адвокаттар оның сөздеріне сенуге болмайтынын ескертiп оның ойлау қабілетінің көрсеткiшi оған куәлiк бермейтінін алға тартып аппеляцияға берді. Сотта Арридиге адвокаттар түрлі сұрақ қойып одан жауап алмақ болғанда ол ешқайсысына дұрыс жауап бере алмады. Бірақ 1937 жылы сот төрайымы оның ақыл — есі дұрыс екенін әрi өз әрекеттері үшін жауап береді деп тапты. Ал айыпталушы болса жағдайының тым ауыр екенін түсінбеді. Түрмеде Джо ойыншықтарымен ойнап сотталғандармен көңілді қалжыңдасып журналистермен сұхбаттасқан.

Өлiм жазасына кесілместен бұрын Джо өзінің соңғы кешкі асы ретінде балмұздақ сұрап сотталғандардың біріне қолындағы ең құнды затын – ойыншық пойызын берді. Өлiм жазасына кесілген адамға ақырғы сөз берілгенде ол: «Жәннат төрiнде арфада ойнап балапан өсіретінін» — қуана айтты. Кейін күзетшілердің бірі өз естелігінде: «Сене алар емеспін біз өлiм жазасына кескен адам 6 жаста еді. Ал болса өзінің неге өлімге бара жатқанын білмеді. Сонда бiз көрген сотталушылардың iшiндегi ең бақытты адам осы». Айтпақшы Джо Арридидің өмірі үшін соңына дейін күрескен осы күзетші еді. Ол үкімнің орындалуын тоғыз рет кешіктіріп жіберу үшін оған адвокат жалдаған. Ақыр соңында губернатор өзі түрмеге қоңырау шалып Арридиді өлім жазасына кесуді талап етті.

Ақыры 1939 жылы 7 қаңтарда «Өлім жазасына кесілген ең бақытты адам» өлiмге қиылды.
Өлер алдында Джо соңғы рет дұғаның балаларға арналған нұсқасын екі рет оқыды. Жазаны орындаған кезде барша адам соның ішінде сол түрменің күзетшілерi де жылады.

Келесі күні БАҚ — газет беттерінде «23 жастағы бала кісі өлтірді» деген тақырыппен мақалалар жарияланды. Ал қабiр басында Джо Арриди пойызымен ойнап жатқан суреті ал шет жағында «Бұл жерде бейкүнә адам жерленген» деген жазу жазылған…..

Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Қуаныш Нұрпейсов (тарихшы)

 

Ұқсас жаңалықтар

Қадыр Мырза Әли

Redaktor Site

Өлең: Балалық шақ

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz