Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБілім

Иводзима үшін шайқас

ИВОДЗИМА ҮШІН ШАЙҚАС
(1945 ЖЫЛ 16 АҚПАН)

Осыдан 78 жыл бұрын 16 ақпанда Иводзима шайқасы басталды

Америкалықтар аралды бір-екі күнде аламыз деп ойлаған бірақ шайқас бір айдан астам уақытқа созылды. Ал Жапондар қасық қаны қалғанша жауымен айқасты.

Бұл 1945 жылы 23 ақпанда Джо Розенталь түсірген Екінші дүниежүзілік соғыстағы америкалық қарудың даңқты сәтінің ең әйгілі фотосуреттерінің бірі. Сол күні АҚШ-тың теңіз жаяу әскерлері жарылыстардан қираған үйінділер мен өлгендерге толы Сурибати тауында жұлдызды жолақтары бар жалауды көтерді. Иводзима аралы үшін жапондармен айқас бесінші күнге созылды.

Осы уақытқа дейін америкалық басшылық Иводзиманы басып алу үшін мұқият дайындалған операцияны аяқтауды жоспарлап қойған болатын. Жапонияның оңтүстігіндегі бұл шағын вулкандық арал 1944 жылдың қазан айынан бері Пентагонның бақылауында болды. Жапон қалаларын нысанаға алып бомбалау үшін америкалық ұшақтарға Тынық мұхитында орналасу бекеті қажет болды. Әйтпесе Мариан аралынан 14 сағаттық ұшуды қажет етті. Иводзимада жанармай құюға апаттық қонуға бомбалаушы ұшақтарды жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге болатын аэродромдар қажет болған. Жапондар да америкалықтардың келесі нысаны Иводзима екенін жақсы түсінді. Генерал-лейтенант Тадамити Курибаяси қорғанысқа дайындалды. Аралды ұзақ бақылауда ұстауға болмайтыны айдан анық бірақ жауды айтарлықтай шығынға ұшыратуға болады. Тау инженерлері мен сарбаздары бірнеше ай бойы жұмыс істеп бекіністер мен Доттардың арасында жерасты туннельдерінің (11 миль!) жүйесін жасады. Миналанған жағажайлардың жанындағы позициялар жақсы дайындалған артиллерияға толы болды. Екі айдан астам уақыт бойы америкалықтар аралды күн сайын «бомбалайды» бірақ жапон қорғанысы мен 21 мың солдаты мен офицері шайқас басталған күні — 1945 жылдың 19 ақпанында шайқасқа әзiр болды.

Ұрыс таңғы сағат 9-да басталды. Аралға АҚШ-тың 4-ші және 5-ші 7-шi теңіз жаяу әскерлері дивизиясының сарбаздары түсiрiлдi. Олардың таңғалғаны жауынан еш қарсылық күтпеді. Жапондар америкалықтар жағажайда жиналып жағалаудан шамамен 500 метр қашықтықтай жүргенін күтті содан кейін барлық қарудан күтпеген жерден америкалықтарға оқ жаудырды. Оқ пен снаряд теңіз жаяу әскерлерінің қатарын бұза бастады. Снайперлер ашық жерде жасырынып жатқандарды нысанаға алып үлгерді. Жеңіл вулканды құм нашар қорғаныс қызметін атқарды. Кешке қарай «янкилер» шегініп жағалаудағы қорғанысқа көшті. Олардың шығыны өте үлкен болды.

Алғашқы екі күнде жапондар жауына ең ауыр шығын келтірді. Олар америкалықтарды аралдың тереңіне апарып тұзаққа түсiрдi. Теңіз жаяу әскерлері гранаталарды Дотқа бункерлерге лақтырып оның қорғаушыларын өлтірді ал жарты сағаттан кейін басқалары туннельден шығып теңіз жаяу әскерінің арт жағынан оқ жаудырды. Табанды шайқас кезінде қорғаныс бекіністердің бiрiн-Сурибати тауында америкалықтар операцияның бесінші күні ғана алды.

Америкалық артиллерия мен авиацияның сандық басымдығы мен басым күш недегенмен өз жұмысын тамаша атқарды. Аралдағы шайқасқа 70 мыңнан астам АҚШ сарбазы мен офицері қатысты. Біртіндеп олар жапон туннельдерін қанша тазартса да оларды әрбір бұрышта өлім күтіп тұрды. Жапондар генерал Курибаясидiң бұйрығына адалдық танытуы сонша — тіпті өліп бара жатса да олар жауды гранаталардың көмегімен «өздерімен бірге алып кетуге» тырысты және соңғы оқтарды өздеріне әдейі қалдырып отырған. Тіпті шұңқырлар мен үңгірлерде жасырынып жатқан жапондар атып шығып жауының көптiгiне қарамай қаруымен:Банзай! деп ұрандатып қиян-кескi ұрысқа кірісті. Жапондардың ұйымдасқан қарсылығы тек 11 наурызда ғана тоқтатылды. Императордың жауынгерлері енді партизандық ұрысқа кiрicтi. Теңіз жаяу әскерлері 26 наурызға дейін жаудың жекелеген топтарын жойды. Генерал Х.Смит Иводзиманың алынуын жариялаудан бір апта бұрын Курибаяси қайтыс болды. Жапон қолбасшысы сарбаздарды шабуылға жеке өзі басқарған кезде ұрыс даласында өлген немесе өз-өзіне қол жұмсады. Өлер алдындағы дзисэйінде (самурайдың сеппуку жасамас бұрын жазған ерекше өлең жанры) Бас штабқа былай делінген:

— Жау жеңілген жоқ
— Мен шайқаста өлмеймін
— Мен тағы жеті рет туамын
— Нагинатамды қолға алып.

Америкалықтарда 7 мың адам қаза тауып 19 мыңнан астам адам жараланды — олар Тынық мұхитындағы аралдар үшін шайқастарда әлі мұндай үлкен шығынға ұшыраған емес еді. Бұл шайқас АҚШ теңіз жаяу әскерлерінің тарихындағы ең ауыр шайқас болды. Аралдың жапон гарнизоны (шамамен 21 мың) толығымен дерлік жойылды тек 216 адам тұтқынға алынды 3 мыңнан астам адам Иводзимадан қашып шыға алмады.

Теңізші Билл Монтгомеридің Иводзима үшін шайқастың соңғы күндері туралы естеліктерінен: «Мен жерде отырған теңіз жаяу әскерлеріне тап болдым олар қолдарын беттеріне басып еңіреп жылап отыр (…).
Олардың саналары бұзылып қалған. Көбіміз жай ғана есеңгiреп қалдық. (…) Бізге өлгендерді (…) алып оларды жол жиегіне қойып содан жүк көлігіне тиеп зиратқа апаруымызды бұйырды. Көптеген (мәйіттер) бір апта немесе одан да көп жерде жатуға мәжбүр болды. Жігіттер өлі теңізшіні қолынан немесе аяғынан ұстап алып апара жатқанда оның аяқ-қолы жұлынып кетті». Бұл неткен сұмдық!

Иводзиманы басып алу АҚШ әуе күштерінің Жапонияны бомбалауын жеңілдетті. Тынық мұхитындағы соғыс өзінің ақырғы кезеңіне өтті….

Қазақ тілінен орыс тіліне аударған Қуаныш Нұрпейсов ( тарихшы) дереккөз:https://diletant.media/articles/45341596/

Ұқсас жаңалықтар

Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

redaktor_qazyr

Халық саны қанша?

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz