Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қазақстан тарихы тест

Түргеш қағанаты (704 -756 жылдар)

Түргеш қағанаты 704- 756 жылдары аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш (Ташкент) қаласынан Бесбалық , Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан) дейінгі аралықты қамтыды. Алғашқы қағаны –Үшлік. Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында өмір сүрген. Сұлу қаған үш жақты күрес жүргізді. Біріншіден, батыста арабтардың шапқыншылығы күшейді, екіншіден, шығыста Қытай қауіп төндірді. Үшіншіден, Шығыс Түрік қағандығы Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Сұлу қаған шығыстағы жағдайды әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық жолмен шешуге тырысқан. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатынасуына және үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған “Сүзеген”, “Мүйізді қаған” деп ат қойған. 751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген арабтар мен қарлұқтар бірлесіп, қытай әскеріне күйрете соққы берді. Қытайлардың аман қалған бөлігі Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Бірақ жікке бөлінушілік тоқтамай, қағандық біржола әлсіреді. Бұл жағдайды пайдаланған қарлұқ көсемдері 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алды. Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды. Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды.

Ұқсас жаңалықтар

Мұхтар Шаханов-Құдаша

Redaktor Site

Мәскеуді жаулаған хандар

Redaktor Site

Таным

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz