Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Әлемде қанша тіл бар?

Әлемде мөлшермен 6300 тіл бар: Еуропа мен Таяу Шығысты қоса есептегенде – 275 тіл (4%), екі Америкада – 900 (15%), Африкада – 1900 тіл (31%), Азия мен Тынық мұхитында – 3000 тіл (50%).
• Ең тілге бай елдер: Папуа – Жаңа Гвинея – 850 тіл, Индонезия – 670 тіл, Нигерия – 410 тіл, Үндістан – 380 тіл, Камерун – 270, Австралия – 250, Мексика – 240, Заир – 210 тіл.
• Бұл 13 мемлекетте 100-ден 160-қа дейін тіл бар: Бирма, Қытай, Малайзия, Непал, Жаңа Гебрид аралдары, Ресей, Судан, АҚШ, Танзания, Филиппин, ОрталықАфрика мемлекеті, Чад, Эфиопия.
• Жер бетінде 41 806 диалект түрі бар көрінеді.
• Жер шарындағы 6000 тіл 170 мемлекетке тиесілі: 45 мемлекет ресми түрде ағылшын тілін қолданып отыр, 30 мемлекет – француз тілін, 20 мемлекет – испан тілін, 20 мемлекет – араб тілін, 6 мемлекет – португалтілін.Жер шарындағы 6 мың тілдің тек 600-нің ғана жазу жүйесі бар, оның 300-іғана қазіргі таңда коммуникация үшін қолданылады.
• Соңғы деректер бойынша мемлекеттердің тек 4% ғана бір тілдіе «сөйлейді». Ал қалғандары екі немесе одан да көп тілде сөйлейді. Сондықтан жоғарыдааталған мемлекеттерде ғана біртілді тілдік саясат орнаған десек болады.
• Әлемнің 80% тек 80 тілдеғана сөйлейді, ал 3,5 мың тілде жер шарының тек 0,2% ғана сөйлейді.
• Үндістанда Конституция бойынша 18 тіл, Оңтүстік Африка Республикасында 11 тіл, Швейцарияда 4 тіл мемлекеттік тіл болып отыр.
• Егерде тілдердің жоғалуы дәл осы ырғақпен жалғасса, онда жүз жылдан соңжер бетіндегі тілдердің 90% жоғалмақ.
• Көптеген тілдердің лексикалық қоры 50 000бірлікшамасында болады, алайда сөз майталмандарының өзі оның тек белгілі бір бөлігін ғана біледі. Мәселен, Шекспир ағылшын тілінде шамамен 24 000 сөз ғана білген.
• Қиын меңгерілетінтілдер қатарына араб, қытай, жапон, кәріс тілдерін жатқызса болады. Ал меңгеруге оңай тілдерге француз, итальян тілдері жатқызылады.
• Тілдің сақталуы үшін оның 100 мыңдай қолданушысы болуы қажет екен.

Ұқсас жаңалықтар

Өмірге құшағыңды аш!

Redaktor Site

Мұхтар Шаханов

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz