Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қазақстан тарихы тест

1. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның салдарының ішінде қате берілгенін анықтаңыз.
«Сібір әкімшілігі орталықтың берген өкімі бойынша, қазақ даласына татарлардың агенттер (өкілдер-авт) жіберді. Олар «жаңа құрылымды қабылдаудың» пайдалы екеніне қазақтардың көзін жеткізіп, кәміл сенуін қамтамасыз етуге тиісті еді… Жаңа округтердің ашылуына қазақтардың жерге таласып, өзара дүрдалаздығын Сібір әкімшілігі жалма-жан пайдалана қойды-округтерді құруды қолдағандарға жәрдемін аямады… Орыс империясының қол астына өтуді қазақтардың қабыл алуына олардың арасындағы жер дауы ғана емес, сонымен қатар әр түрлі болыстардағы сұлтандар арасындағы билік үшін жанталасқан алауыздықтар да ықпал етті»
+++Қазақстанға орыс шаруаларына өз еркімен қоныстануға рұқсат берді+++

2. Санк-Петербург бейбіт келісімшартынан келтірілген үзіндіні оқып шығып, Іле өлкесінің тұрғындарына қандай құқық берілгенін анықтаңыз. «Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп , оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі.Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып шешім қабылдауы тиіс.»
+++Жетісу облысының аумағына қоныс аударуға+++

3. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы туралы тарихи құжатты атаңыз. «Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп , оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі.Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып шешім қабылдауы тиіс.»
+++Санк-Петербург келісімшарты+++

4. Төмендегі мәтінде сипатталған тарихи үрдістің шамамен орын алған уақытын анықта. «…үңгірлерді тазалап күтіп, тамақ дайындады, жеуге жарамды жеміс-жидектерді терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды… Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді. Жер, баспана, еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.»
+++Саналы адамның шығу уақыты кезінде+++

5. Мәтіннің авторын табыңыз. «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш пен найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы әскерлерінің көбі қырылады, Кир өледі.»
+++Герадот+++

6. Герадоттың мына деректе кімдердің арасындағы болған оқиғаны сипаттайды. «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш пен найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы әскерлерінің көбі қырылады…» деп көрсетеді.
+++Томирис пен Кир жауынгерлерінің арасындағы соғыс+++

7. Мәтінде сипатталған темір дәуіріндегі тайпаны ата. «Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді… Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көзінен тигізетін мерген келеді. Олардың найзасының ұшы, жебе және қылышы мыстан жасалған; Бас киімдері мег белдіктері, ер тұрмандары алтынмен әшкейленген. Сонымен қатар олар аттардың да сауытын мыстан жасайды. Темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі бұл металдар олардың елінде өте аз, алтын мен мыс керісінше өте көп. Олар егін екпейді, үй малдарын және Арал өзенінен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді. Құдайларды арасынан күнге табынады, оған жылқыны құрбындыққа шалады. Бұл құрбандықтың мәні «құдайдың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы» дегенге сыяды»
+++Сақтар+++

8. Мәтінді оқып, қытай деректерінде қай көшпелі мемлекет туралы сипаттап, айтады: «… олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды…»
+++Ғұн+++

9. Мәтінді оқып шығып қатені табыңыз. «Қағанаттың орталығы-Суяб қаласы болды. Билікті өз қолдарына алған қарлұқтар Енисей қырғыздарынан төнген қауіпті жоюды ойластырды. Олардың Тараз , Ташкент қалаларын жаулап алған кездерін жақсы білетін еді. Атлах түбіндегі шайқасқа өздері де қатысқан болатын. Сондықтан олардан қауіп болдырмау үшін 766-775 жылдары Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтеді» деген
+++Қытай+++

10. Мәтінде айтылған тайпаны анықтаңыз. «… шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды…» деп айтылды.
+++Ғұндар+++

Ұқсас жаңалықтар

Жұбан Молдағалиев

Redaktor Site

Қазақстан тарихы

Redaktor Site

Өмірден түңілме,әлі талай жетесің сен белеске

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz