Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Күләш Ахметова — Үзілген түймені қадау

«Бұрынғыдай сағынбайсың сүйгенді,
Бұрынғыдай асықпайсың үйге енді»…
Әр нәрсені ойлап кеттім лезде,
Қадап тұрып үзілген бір түймеңді.

Жүрегіңе салғаным ба, бәлкім, дақ,
жастықты емес, жағдайды ойлап әр күндік.
Жейдең аппақ, өзің де аппақ, тап-таза,
тазалықта болады-ау сәл салқындық.

Әр нәрсені ойлап тұрдым ішімнен,
сен де мені сияқтысың түсінген.
Жып-жылы боп қолың тиді бетіме,
еңкейіп ем жіпті үзуге тісіммен.

Баяғыдай кетті-ау бетім жанып тым,
жанып тұрып келмек емес зарыққым.
Қолың тиіп кеткен кезде
бетімді
тартып алмай, тұрыңқырап қалыппын.

Аяп кетіп, сипадың сен бетімнен,
аумайтұғын сияқтымын жетімнен,
Жеңіңдегі құйттай түйме арқылы
жеткізгенде сағыныштың шетін мен.

Жаның еріп, төгіп тұрды көзің-күн,
айтайын деп, айта алмадым өзім дым.
Махаббатың өлмеуі үшін өмірде
қас қағым сәт жететінін сезіндім!

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының мектептерінде 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен оқушыларға білім беріп жүрген

redaktor_qazyr

Абылай хан

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz