Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Төлеген Жанғалиев — Қасапханадағы сәйгүлік

Жаутаңдап жас іркілген қос жанары,
Жануар қасапшыға көп қарады.
Айылы босамаған тұлпар еді,
Айыбы енді міне, ақсағаны.

Жел жетпей, шабысынан шаң да қалып,
Көздерін көрерменнің арбап алып.
Көлбеп бір көсілетін қайран жүйрік,
Тұрғандай тұяқтарын қанға малып.

Ат түгіл аямаған адам жасын,
Қасапшы бұған неге алаңдасын.
Қылпылдап қолындағы қайқы пышақ,
Қиғалы тұр тұлпардың доғал басын.

Көсіліп жететұғын алда бөлек,
Көз алдына көмбе кеп, көк дала кеп.
Тұр тұлпар қарағыштап қайта-қайта,
Қасапшы мен пышаққа алма кезек.

Бұрын біз бұғып жүріп білдік нені,
Өкінеміз, өксиміз тіл біткелі.
Қасап болып қалыпты-ау дәл осылай,
Қазақтың қайран талай жүйріктері…

Ұқсас жаңалықтар

Мұхтар Мағауин

Redaktor Site

Орта жүз

Redaktor Site

Біз неге түс көреміз?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz