Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қадыр Мырза Әли естелігінен

Үлкен өнерге келген адамды сақтайтын – тек қана қайсарлық. Бiреулердiң ұнжырғасы түсiп кетедi, соққы жейдi, тауы шағылады. Солардың көбi… Қайсарлығы жетпегендiктен орта жолда қалып қояды. Жiгерi жоқ. Не iшiп кетедi, не жеңiлдеу жолға түсiп кетедi. Карьеристердiң бәрi карьерист боп туды дейсiң бе? Қайсарлығы кемдiктен оңай жол iздейдi. Жiгерсiздiкке алып барады. Бiздiң жазушылардың көбi бас редактор болуға тырысты, бастық болуға, баспаның директоры болуға ұмтылды. Неге? Өйткенi, жазған нәрсесiн шығарады. Бiрақ олар бiр нәрсенi бiлген жоқ. Олар ол жерге барса жаза алмайды. Сонда неңдi шығарасың? Не баяғыңды қайталап шығарасың, не халтурить етесiң. Олар шикiзаты жоқ зауыт сияқты. Соған көзi жеткендер бар. Мысалы, Ғабит Мүсiрепов қырық жылдай атқа мiндi. Ғабең ерiнбей-жалықпай қырық жылда қанша күн бар екенiн, күнiне орта есеппен қанша сағат жиналыс өтетiнiн, босқа кеткен қанша сағаттардың басын құраса қанша жыл болатынын күнделiгiне жазыпты. Сөйтсе, қырық жылдың қақ жартысы тек жиналыс пен мәжiлiстерге кетiптi. Қор болған уақыт деп соны айт!

Ұқсас жаңалықтар

Абайдың 33-ші қара сөзі

redaktor_qazyr

Бірлік керек

Redaktor Site

Ағайын, туыс туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz