Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Анар Шамшадинова

Ұлым менің,
Сен әлі дым білмейсің,
Жарығымсың, теңі жоқ, күнім менің.
Домбыра боп бір ауық күмбірлейсің,
Сосын ән боп әлдилей күлімдейсің,
Бірақ, ұлым, сен әлі дым білмейсің.

Білмейсің-ау, дала тұр қарық болмай,
Жынды желдің желкілдеп шат болғанын.
Бар шырағы әлемнің жарық болмай,
Бір-ақ сәтте дүние жат болғанын.

Ақ пейілі адамның ақ қар болып,
Бірін-бірі жасырып алдағанын.
Көңілдерге түбі ащы бақ жар болып,
Тұрақтылық тұқымы қалмағанын.

Білмейсің-ау, жігердің құм болғанын,
Жанар батып жасанды бұлағында.
Сүйген жанның сырт беріп жым болғанын,
Тағдырдың бір сүрінтер сынағында.

Сен білмейсің, көктемнің кешіккенін,
Өткенімен жыл құсы тыраулаған.
Мекенімнің мұң билеп есік-төрін,
Күлу емес, қиындап жылау маған.

Алматының кешінде қылымсыған,
Жалғыздықтың жанымда қалғандығын.
Білмейсің-ау, айтпайын, ұлым, саған,
Сырты сұлу өмірдің жалғандығын.

Ұқсас жаңалықтар

Жаз маусымында Түркістанда 40 мың бала сауықтыру лагерлерінде демалады

admin_qazyr

Тұрсынхан Абдырахманова

Redaktor Site

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: Ақтөбеде білім беру инфрақұрылымы кеңейеді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz