Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Лұқпан Хакім

Лұқпан хакімге бір сопысымақ адам жиналыста былай дейді:
– Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә, Құдайдың жіберген қаза-бәлесіне себеп табамын деген Құдайға қарсылық болып табылады деп білемін.
Сонда Лұқпан:
– Олай болса сол айтқан сөзіңіз жазылған кітапты келтіріңіз, сенімді кітап болса біз тоба етіп, дәрігерлікті қоялық,–дейді.
Сопы бұл сөзді еш кітаптан көрген жоқ, кітап алып келемін деп қозғалмады.
Жиылып отырған халық шулап қоя берді:
– Сопы, Лұқпан жесірге ағадай, жетімге атадай болып, неше мұңды бейшаралардың көзінің жасын тыйды, сен бұл істі күнә деп білсең, кітабыңды көрсет, болмаса қазыға алып барып, жазаландырамыз.
Істің бұлайынша зорайып бара жатқанын көріп Лұқпан халықтан өтініш етіп, сопыны тысқа шығарып, оңаша қалдырып, былай дейді:
– Алла разы болсын, молдам, білген шамаңызша бізді күнәдан тыю үшін ақыл айтқаныңызға. Бірақ бізден де сізге бір ақыл айтылсын: «Қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмсаңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін танып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз. Екінші, сіздің айтқан сөзіңізден оқып жетіспегендік көрінеді, Құдайтағала адамға әр түрлі дене берді, қол берді жұмыс қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін, құлақ берді естуге, ақыл берді, ойланып, жаман-жақсыны аңғаруға. Бір шөпті у етіп жаратты, екінші шөпті оған басытқы етіп жаратты. Бұларды да танып, біліп, бұйрықты орнына жұмсамасаң, күнәлі боласың, тиісті пайдалы орнына жұмсау обал болмаса керек,–дейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Құпиясөз қауіпсіздігі

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz