Qazyr.kz порталы
Руханият

Жүрегім жүгіреді

ЖҮРЕГІМ ЖҮГІРЕДІ…

Өзіңменен жүрегім егіз менің,
Түндер бойы қарманып сені іздедім.
Жоқсың, сонда еске алдым қимастықты,
Тағдырдың желі үзгенін.

Түндер қандай үрейлі жалғыз жанға,
Қалғандаймын күздегі таңғы ызғарда.
Көзім жұмсам, шошытып сұсты елестер,
Тылсым ба, жар, құздар ма?..

Мазақтайды тағдырдың түні, желі,
Көкірегім ызадан тілінеді.
Шыр еткендей қоңырау сонда есікке,
Жүрегім жүгіреді.

Жүгіреді, қайтадан басылады,
Естілмейді ешкімге жасы, зары.
Тағдырымның дауылы азынап тұр,
Бұл әлде басы ма әлі?..

Фариза Оңғарсынова

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерді наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

redaktor_qazyr

Неге

Redaktor Site

Өлең: Түн самалы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz