Qazyr.kz ақпарат агенттігі Ип Шархан медиа басқаруына өтуі мүмкін,деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.
Qazyr.kz ақпарат агенттігі 2023 жылдың 29 маусымында ресми тіркеліп, қазақ тілді оқырмандарға елдегі және әлемдегі жаңалықтарды, әдебиет, мәдениет, тарих, пайдалы кеңестер сияқты тақырыптарды уақтылы ұсынуды мақсат етті. Алайда қаржылық қиындықтарға байланысты агенттікті толықтай жүргізу мүмкін болмады.
Осы себепті агенттік Ип «Шархан медиа»-ның басқаруына өтуі мүмкін деген болжам бар. Егер бұл келісім жүзеге асса, агенттіктің басқару құрылымы мен жұмыс стратегиясы өзгеруі ықтимал.
Ип Шархан медиа басқаруында Qazyr.kz жаңа қаржылық қолдау тауып, ақпараттық кеңістіктегі ықпалын күшейте алады. Сонымен қатар, аудиторияға бағытталған мазмұн сапасының жақсару мүмкіндігі артады деп сенім білдіруде агенттіктің бұрынғы басшысы.