Qazyr.kz порталы
АймақӘмбебапҚазірэкономика

Шағын өндіріс — Шығыс Қазақстан экономикасының драйвері

Шығыс Қазақстан облысы — еліміздің индустриялық дамуы мен кәсіпкерлік саласындағы ілгерілеушілігімен танымал өңірлердің бірі. Соңғы жылдары бұл аймақта шағын және орта бизнес қарқынды дамып, шағын өндіріс ошақтарының саны айтарлықтай артты. Бұл үрдіс аймақтың экономикалық әлеуетін арттырып, халықтың жұмыспен қамтылуына оң әсерін тигізуде.

Өңірдегі шағын өндіріс кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын шығару, ағаш және металл өңдеу салаларында белсенді жұмыс істейді. Семей, Өскемен, Риддер қалаларында орналасқан кішігірім цехтар мен зауыттар жергілікті нарықты сапалы өнімдермен қамтамасыз етіп отыр.

Мысалы, Ұлан ауданының Тарғын ауылында 2021 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Диана» шаруа қожалығы ауыл кәсіпкерлігінің дамуына өз үлесін қосып отыр. Қожалық жетекшісі Бердинова Арай Зарыкқанқызы 2023 жылы ауыл ішінде жартылай фабрикат өнімдерін шығаратын цех ашып, өндірісті қолға алған болатын. Цехта түшпара, мәнті, вареники сияқты ұн өнімдері мен фарш дайындалады.

Кәсіптің ауқымын кеңейту мақсатында 2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 8 640 000 теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, өндіріс орны күрделі жөндеуден өтіп, жаңа жабдықтармен толықты. Бұл — цехтың жұмысын жүйелеп, өнім көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінде цехта ауылдың 5 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған, бұл ауылдағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге үлкен септігін тигізуде.

Шаруашылық иесі Арай Зарыққанқызы «Ауыл аманаты» бағдарламасына алғысын білдіріп, «Жаңа техника алып, жұмыс орнымызды кеңейттік. Бұл — тек менің ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы. Енді өндірісті әрі қарай дамытып, ауылдың атын шығаратын өнім дайындауды мақсат етіп отырмыз» — дейді.

Шағын бизнестің дамуына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың үлесі зор. «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Ауыл аманаты» секілді бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелер, гранттар мен консалтингтік қолдау ұсынылуда.

Өңірде кәсіпкерлерге арналған сервистік қолдау орталықтары ашылып, бизнес жоспар әзірлеуден бастап, салықтық кеңеске дейін түрлі қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы облыс көлемінде оқу семинарлары мен тренингтер өткізіп, кәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға атсалысуда.

Бердібек Шархан

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

admin_qazyr

Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін қандай құжаттар қажет?

redaktor_qazyr

Ресейдің бөлінуі Қапқаздан басталады- Саакашвили

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz