Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген. 2015 жылы 11 желтоқсанда Астана қаласында өмірден озды.
Əбіш Кекілбаев ұлы Мұхтар Əуезовтің алдында студент болып бес жыл дəріс тыңдады. Əлемдік əдебиеттің саңлақ қаламгерлері туралы ұлағатты сөздерді Əуезов лекциясынан алды. Сөйтіп, ұстаздан алған тəлімі мен тəрбиесін көкірегіне тұмар ғып түйген жас дарынның алғашқы қаламгерлік қадамдары университет қабырғасында басталып, ұлы суреткер Мұхаңның, Мұхтар Əуезовтің назарына ілікті.
Əбіш Кекілбаев – ұлттық əдебиетіміздің белді жанрларының барлығында да белсенді қызмет істеген қарымды қаламгер. «Үркер» мен «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры», «Шыңырау», «Бəйгеторы», «Ханша-дария хикаясы», «Күй» сияқты прозалық туындылары арқылы ел өмірінің зəру мəселелерін көтерген халықтың сүйікті жазушысы.
Сан қырлы дарын иесі Ə. Кекілбаев драматургия саласында «Абылай хан» атты дүбірлі дəуір шындығын бейнелейтін пьеса да жазды. «Алтын шуақ», «Дүние ғапыл» деген өлеңдер жинағымен де танылды. Сондай-ақ ол – У. Шекспирді, Г. Ибсенді, В. Буэроны, Г. Мопассанды, Л. Толстойды, А. Чеховты, И. Бунинді қазақ тілінде сөйлеткен кəнігі аудармашы.
Дереккөз: әл-Фараби кітапханасы