Мәдениет

Адам, кісі туралы мақал-мәтелдер

Он адам жүрген жерде із қалады,

Жүз адам жүрген жер — соқпақ,

Мың адам жүрген жерде жол қалады.

***

Кісіні кейде таршылық сынайды,

Кейде баршылық сынайды.

***

Әркімнің өзі шығар биігі бар.

***

Жұмсақ ағаш құртқа жем,

Жұмсақ адам жұртқа жем.

***

Бейтаныс кісі —

Бітеу жаңғақ.

***

Адам бір-біріне қонақ.

***

Ат жақсысын мақта,

Адам жақсысын жақта.

***

Адам қайғысы — заман қайғысы.

***

Күйесіз қазан жоқ,

Қайғысыз адам жоқ.

***

Жасық адам жасына жетпей қартаяр,

Асыл адам жасына жетпей марқаяр.

***

Қағазға тіл бітірген — қалам,

Жансызға жан бітірген — адам.

***

Адам ойға тоймас,

Бөрі қойға тоймас.

***

Темір сырын отта танытады,

Адам сырын жоқта танытады.

***

Жаман адам кетсе,

Дүние кеңіп қалғандай.

Жақсы адам кетсе,

Дүние кеміп қалғандай.

Еңбек адамның көркі,

Адам заманның көркі.

***

Біреу, біреуге сүйеу.

***

Болар адам – он бесінде бас болар,

Болмас адам – қырық бесінде жас болар.

***

Айла алтау,

Ақыл жетеу,

Айла мен ақыл қосылса,

Алдырмайтын екеу.

***

Өзін ғана ойлаған,

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

Адамдықтың белгісі.

***

Адам — түп ата, Хауа — түп ана.

***

Адам адамға, жан кеудеге мейман.

***

Адамына қарай сәлемі.

***

Адам қырықта — қылау, елуде — елік

***

Адам зоры — тоғын,

Жылқының зоры — соғым.

***

Адамға адам керек әрбір жайда.

***

Адамға тойымшылық керек.

Ұқсас жаңалықтар

Мұхтар Әуезов

Redaktor Site

Ғафу Қайырбеков

Redaktor Site

Сапарғали Бегалин

Redaktor Site

Пікір жазу