Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Адам неге өз-өзіне қол жұмсайды?

Фото: freepik.com
Жыл сайын 703 000 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Әрбір өз-өзіне қол жұмсау фактісі — марқұмның жақындары үшін ұзақ мерзімді қайғылы оқиға. Qazyr.kz тілшісі өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері туралы мәлімет ұсынады.

Адам неге өз-өзін өлімге қияды?

Өз-өзін өлтіру– жаһандық құбылыс. Ол әлемнің барлық аймақтарына тән. Суицидтік мінез-құлықтың қарапайым түсіндірмесі жоқ. Бұл ешқашан жалғыз факторға немесе оқиғаға байланысты емес. Адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін факторлар өте көп және күрделі. Суицидтік мінез-құлықтың себептерін түсінуге тырысқанда физикалық және психикалық денсаулық жағдайын, өмірдегі стрестік оқиғаларды, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени факторларды ескеру қажет. Адам күйзеліске ұшырағанда, жақын адамынан айырылғанда өз-өзіне қол жұмсау жиілейді. Тұрмыстық жағдайдың төмендігі де адамға әсер етеді. Бұған 2019 жылы жаһандық суицидтердің 77%-дан астамы табысы төмен және орташа елдерде орын алғаны дәлел.

Адам өзіне қалай қол жұмсайды?

Статистикаға сүйенсек, өзін-өзі өлтірудің ең қауіпті әдістері – атыс қаруынан өзін атып өлтіру, асылып қалу. Дәрілік заттармен және басқа заттармен улану, тамырды кесу де адам өміріне қауіп төндіреді.

Суицидтік мінез-құлық 3-ке бөлінеді

Өз-өзіне қол жұмсайтын адам шартты түрде үш топқа бөлінеді. Олар: шынайы, демонстративті, жасырын.

Шынайы суицидтік әрекеттер көбінесе күтпеген жерден болғандай көрінеді. Бірақ өзіне қол жұмсайтын адам әр бөлігіне дейін ұйымдастырады. Ұзақ уақыт ойланады. Сонымен қатар нақты шешім қабылдаған адамның бойында өзгерістер пайда болады.

Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің көпшілігі демонстративті суицидтік мінез-құлыққа жатады. Басқалардың назарын өздеріне қаратуды қалап, сол арқылы жақындарын қорқытып, өз дегенін істетуді ойлайды. Бұл оқыс оқиғаның соңы қазамен аяқталуы мүмкін.

Жасырын суицидтік мінез-құлық өзін-өзі өлтіру қиындықтарды жеңудің жалғыз жолы емес екенін түсінетін адамдарда байқалады. Алайда олар бұл тығырықтан шығудың өзге жолын көре алмайды. Олар бұл істің дұрыс емес екенін біледі. Бірақ біле тұра әрекет етеді.

Қай жас өкілдері бұл әрекетке көп барады?

Өз-өзіне қол жұмсау әр түрлі жас топтарында орын алады. 2019 жылы дүние жүзінде 15-29 жас аралығындағы адамдар арасында өзіне қол жұмсау көп болды.
Жапонияда ерлердің 70%-ы және әйелдердің 60%-ы өз-өзіне қол салады. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмен. Ерлер–18% және әйелдер–16%. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазақстандық әйелдер арасындағы суицидтің көрсеткіші – 15 пен 24 жас аралығында 100 мың тұрғынға шаққанда 11,1 оқиғаны құрайды. Салыстырмалы түрде АҚШ-та бұл көрсеткіш – 2,9-ға тең.

Өз-өзіне қол салуға кім көбірек тырысады?

Психологтардың сөзіне қарағанда, өз-өзін өлтіру оқиғалары әйелдерге қарағанда ер адамдар арасында жиі ұшырасады екен. Ер адам өз-өзіне қол саламын деп шешсе, онда олар өз ісін аяғына дейін жеткізуге тырысады. Ал әйелдер әдетте өлуді емес, өзіне назар аудартуды көздейді. Сол себепті, статистикада өз-өзіне қол жұмсап өмірін қиған ер адамның 1 оқиғасына әйелдердің өз-өзіне қол жұмсауға талпынған 5 фактісі сәйкес келеді екен.
Айта кету керек, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің әрбір үшіншісі – көрнекі құбылыс, нақтырақ айтсақ, олар өлгісі келмейді, тек осы әрекеттерімен өздеріне назар аудартқысы келеді. Мамандар мұның өте қауіпті құбылыс екендігін айтады. Өйткені, келесі талпынысы қазаға ұласып жатады.

5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде өз-өзін өлтіру әрекетінің негізгі себебі — ата-анасымен, мұғалімдерімен қақтығысқа бару. Көбіне жасөспірім қыздар жігіттеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.

Өз-өзіне қол жұмсаудың қалай алдын аламыз?

Адамға психологиялық қолдау көрсету арқылы суицидтің алдын алуға болады. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ аман қалған адамдарды тексеру барысында олардың көпшілігі кейіннен өлімнен құтылуға қуанышты екендігі атап өтілді. Психологиялық ауытқуға ұшыраған, депрессияда жүрген адамдарды жиі бақылауда ұстау керек. Ауруханаларда улы дәрілерді сатуға жол бермеу қажет.

Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алудың мақсаты – қауіптілік белгілерін тану, тұлғаны жеке тұлға ретінде қабылдау, қамқорлық қарым-қатынас таныту. Өз-өзіне қол жұмсауды ойлап жүрген адам өзіне назар аударғанды қалайды. Ол өзін өзгелердің айыптамағанын, ішкі ауыртпалығын түсінгенін, ақылын айтып, қолдау көрсеткенін күтеді.

Өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген адамды жалғыз қалдыруға болмайды. Қиындығынан шыққанша немесе кәсіби көмек келгенше жанында қалу керек. Адамның өз-өзіне қол жұмсау қаупі жоғары болса, жеке психотерапия немесе психологиялық кеңес ұсынылады. Оның негізгі нәтижесінде адам өзінің жалғыз емес екенін сезінеді.

Ұқсас жаңалықтар

Балқаш жылу электр орталығында апат орын алды

admin_qazyr

Дональд Трамп президенттік сайлаудағы жеңісін жариялап, елдегі жағдайды түзететінін айтты

redaktor_qazyr

Сайрам ауданында 19 жастағы қызды,жүріп жүрген жігіті тістелектеп өлтіріп кеткен

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz