Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Адам туралы қызықты дерек

  1. Денеміздің қан айналмайтын жалғыз мүшесі — көздің қасаң қабығы. Ол оттегіге ауа арқылы қанығады.
  2. Адам миының сыйымдылығы 4 терабайттан асады.
  3. Нәресте 7 айлығына дейін бір уақытта тыныс алып, жұтына алады.
  4. Адамның бас сүйегі 29 түрлі сүйектен құралған.
  5. Мидан шыққан нерв импульсі сағатына 274 шақырым жылдамдықпен қозғалады.
  6. Адам миы бір күн ішінде түрлендіретін электр импульстері бүкіл әлемдегі телефондардағыдан қарағанда әлдеқайда көбірек.
  7. Орташа адам денесіндегі күкірттің мөлшері бір иттің үстіндегі бүргелердің бәрін жоя алады. Ал адам бойындағы көміртек 900 қарындаш жасауға, калий мөлшері ойыншық зеңбіректен атуға, май мөлшері 7 сабын жасауға жетеді. Сонымен қатар денеміздегі сумен 50 литрлік бөшкені толтыруға болады.
  8. Адам жүрегі бүкіл өмірінде 182 миллион литр қан айдайды.
  9. Сіз осы сөйлемді оқып отырған кезде, денеңіздегі 50 мың жасуша өліп, жаңасына алмасады.
  10. Құрсақтағы нәрестенің 3 айлығында-ақ саусақ іздері пайда болады.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл оқушылар 1 тоқсанда 10 күн демалады

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Абай- Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz