Фото: freepik
Ірі қалалардың өсуінің негізінде қазіргі адамның қарым- қатынас шеңбері ығысып, соған сәйкес таңдау алаңыда сондай болмақ. Сонымен қатар болашақ жұбайына талаптарыда өзгер- тілген, өйткені қазіргі неке психологиялық және жыныстық сыйысымды екі жақын адамдардың – одағы. Танысу үшін объективті қиыншылықтарда кездеседі. Отбасын құрудың күшті тос- қауылы әртүрлі адамдардың тұлғалық ерекшелігі болып табы- лады: байланыс орнатуға қаблетсіздігі, қарым-қатынастағы қиындықтар, невротикалық реакциялар. Дәл осы жұп таңдау кезеңінде болашақтағы некенің тұрақсыздығына алып келетін қателіктер жасалады. Бұл жерден кем дегенде екі факторды көр- сетуге болады, жұп таңдаудың адекватты болмауына себеп бо- латын: таңдау шеңберінің тарлығы мен субъективті қабылдау- дағы қателіктер.
Жұптың таңдауы жаспен, беделмен, территориялық және басқада принциптермен шектелген. Қалған таңдау алаңының шегінде шынайы – индивидуалды және субъективті таңдау жү- зеге асырылады.
Таңдау жасауда барлық деңгейдің сипаттары ескеріледі – жыныстық, сыртқы мәліметтер, интеллект, білім беру, мінез- құлық, тұлғаның қызығушылық сферасы мен бағдарлық құнды- лықтары.
Жеке ұқсастықтарды қажет ететін әртүрлі сипаттамалар халықтардың әлеуметтік мобильділігі мен таңдауында әлеу- меттік шектеу болмасада ығысудың себебі таңдау алаңы болып табылады. А.Н. Обозова мен Н.Н. Обозованың есебі бойынша, төрт ұқсас емес сипаттарды ескерсек, он алты үміткердің біреуі ғана оптималды жұп болып саналады. Демек, жұптарды таң- даудың потенциалды шеңберін ұлғайту – неке таңдауындағы бірден бір неке шартының төмендеуі.
Адекватты емес таңдаудың екінші факторы адамдардың бір-бірін қабылдау механизмдерімен байланысты. Зайыбын таң- дау жұптың шынайы бейнесімен бағдарланады. Осы бейнені тудыруда тұлға қарым-қатынасындағы, ата-аналық отбасындағы эталондардың, әдеби танымдардың, әлеуметтік стериотиптер мен жақындардың идеалындағы өткен тәжірибелері ескеріледі.