Qazyr.kz порталы
Қоғам

Адамның күні адаммен

Адамның күні адаммен. Дәл осы жерде тура мағынасында. Адам баласы қаншама жетістікке, байлыққа жетпесін, оны екеудің арасындағы қатынас қуантқандай ешнәрсе толыққанды бақытты ете алмайды. Адам ылғи адамды іздейді, ұмтылады. Себебі, олар бір-бірінен қуат алу арқылы ғана тіршілікке қабілетті. Қуанышымызға орай, бұл дүниеде қарым-қатынас түрі өте көп: ана мен бала арасында, екі дос арасында, ұстаз бен шәкірт арасында, қос ғашық арасында. Екеу арасындағы қатынастың тереңдігі, күштілігі сол қос ғашық үшін «С любимым и рай в шалаше» оларға бір-бірінен басқа ешнәрсе керек емес. Ұстаз бен шәкірт арасындағы тереңдігі сол олар үлкені кішісін біліммен толтырып, кішісі үлкеніндегі білімді тауыспай тынбайды, рухани лаззатпен өседі. Ал ана мен бала арасындағы қатынас ше? Ана баласын қиын жағдайда жалғыз өзі өсіріп отырса да, тау қопаруға дайын тұрады. Айтайын дегенім мынау. Қазір досымыз көп, танысымыз көп, әрқайсымыз шет-шетінен маңызды адам секілдіміз. Алайда қиналған кезде сеніп сырымызды айтатындай бір жан таппай қаламыз. Дәл мына жанға керекпін, сол үшін ұмтылуым керек дейтіндей біреудің атын атай алмаймыз. Өзімізден де бар. Заманның суығына төтеп береміз деп, тым жинақты, тым сақ болып алдық. Шынайы, терең қатынасқа ұмтылайық, достар. Бар болса, бар кезінде қадірлеңіздер! Адамға көңіл бөліңіздер. Адамды адамдай ешнәрсе бақытты ете алмайды.

Автор: Динара Болат «Өмірге шексіз ғашық»

Ұқсас жаңалықтар

Кентаулық 9 жасар Нұрғисаға қаржылай көмек керек

redaktor_qazyr

Ақсукентте масайған ер адам жас жігітті көшеде ұрып,өлтіріп қойды

redaktor_qazyr

Қым-қуыт тіршілікте көп нәрсе бізге мәселе болып көрінері анық

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz