Qazyr.kz
Басты ақпаратЖаңалықтарСаясатТехнология

АЭС салуды қолдаушылар саны 60%-ға жетті

«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» Жеке қоры КӘЗИ ҚҚ 2024 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында халық арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді.Бұл туралы QAZYR.KZ Kungei.kz-ке сілтеп хабарлайды.

17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан азаматтар қатысқан сауалнама ауқымы 1000 респондентті қамтыды.

Сауалнама анкетасына келесі сұрақтар енгізілді:

Сіз АЭС салу бойынша референдумға қатысасыз ба?
Қазақстанда АЭС салу туралы қандай ақпарат сізді қызықтырады?
Сіз Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?

Аталған 1000 респонденттің 60 пайыздан астамы АЭС салуды қолдайтындарын жеткізген.

Сауалнама қорытындысы келесіні көрсетті:

«Міндетті түрде барамын» (35,6%) және «Мүмкіндігінше баруға тырысамын» (20,2%) нұсқаларын таңдаған респонденттердің үлесі жалпы іріктеменің55,8%-ын құрады. Осылайша, сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам референдумға баруға дайын екендігін көрсетті.

Сауалға қатысқандардың оннан бір бөлігінен астамы «референдумға қатыспаймын» деген (12,2%).

Алдын ала болжанғандай референдумға қатысу/қатыспау туралы «әлі бір шешімге келмеген» респонденттердің үлесі жоғары болды (16,6%).

Сауалнамаға қатысқандадың ішінде бұл жаңалықтан бейхабар жандар да болды. Яғни, АЭс туралы алғаш естіп тұр екен.

Респонденттердің аз бөлігі (1,8%) бұл сұраққа «жауап беруге қиналамын» деп көрсеткен.

«Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы қандай ақпарат сізді қызықтырады?» деген сұрақта пікірлер эмоционалды ұстанымнан бастап толығымен прагматикалық дәлелдерге дейін құбылады.

«Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа келісетіндердің үлесі 60,4% құрады.

Сауалнамаға қатысқандардың 30,1%-ы АЭС салу идеясын қолдамайды.

Сауалнамаға қатысқан әрбір оныншы адам (9,5%) атом электр станциясының құрылысына қатысты сұраққа жауап беруден бас тартқан.

Зерттеудің жалпы қорытындысы:

— Респонденттердің 55,8%-ы өз азаматтық ұстанымын көрсетуге және АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беруге ниет танытты;

—  АЭС құрылысын қолдаушылардың үлесі 60,4%.

Жүргізілген социологиялық сауалнама нәтижесінде әрі қарай жария түсіндіруді талап ететін экологиялық және техникалық қауіпсіздік критерийлерінің контуры межеленді. Атап айтқанда, халық денсаулық қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ құрылыстың техникалық жағы және атом станциясының болашақ жұмысшыларының кадрлық құрамының кәсібилік деңгейі туралы алаңдайды.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Ақмола облысында қаңғыбас иттердің етін сатқан азаматқа қатысты сот үкімі шықты

redaktor_qazyr

3-7 қыркүйек Астанада «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафоны өтеді

Redaktor Site

1 қыркүйек күні алматылық оқушылар мектепке бармайды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты