Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Ағзадағы ақуыз туралы не білесіз?

Фото: freepik

Ақуыздар – көміртек, сутек, оттек және азоттан тұратын қосылыстар. Ақуыздар – бір-бірімен ұзын тізбекпен жалғанған амин қышқылдарының полимерлері.

Ақуыз молекуласында глицин және аланин секілді амин қышқылдары мыңдаған атомдардан тұратын ұзын полимер молекулаларын құру үшін, бір-бірімен байланысады.

Амин қышқылдарының 20 түрі бар және олардың көптеген байланыстары ағзамызда кездесетін ақуыздардың әр алуан түрін өндіреді.

Ақуыздар ағзада өмірлік маңызды қызметтердің кең шоғырын атқарады. Олар тыныс алу кезінде энергия бөліп шығарады, олар гормондар (инсулин секілді) немесе ферменттер (амилаза секілді) бола алады және олар жасушалардың өсіп, қайта қалпына келуі үшін қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Əр күнге арналған 10 пайдалы кеңес

redaktor_qazyr

Қыздарға арналған кеңес

Redaktor Site

Созылған, жыртылған теріні емдеу тәсілі

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz