Qazyr.kz порталы
Руханият

Айғазы Сейтқаз-Жыр жазайын

QAZYR.KZ:

Қолыма қалам алып жыр жазайын,

Өз өзіммен оңаша сырласайын.

Сен туралы жаным-ау жаза берем,

Мейлі босқа өтсін күндер,жылдар,айым.

 

О, махаббат күйіп барам,

Жанарыңды берші қиып маган,

Сені ұмытайын десем де,

Елесіңді көріп кайтадан сүйіп қалам.

 

Сүйіп қалам қайта көріп елесіңді,

Көздерің неткен тұнық, терең мұңды,

Сол көздерге ғашық болған құр пендеден,

Қабыл ал өлеңімді, өлеңімді.

 

Серігі жоқ көлде жүзген аққудаймын,

Шақырамын серігімді қаңқылдаймын,

Үніме қаңқылдаған ешкім келмес,

Аспаныма қараймын жалғыз ай тұр.

 

Ұнайды сенің маған сөйлегенің,

Сен сөйлесең ерекше күйге енемін.

Мөлдіреген көздеріне қарай берем,

Жанарыңа ғашық болғам, сүйген едім.

Ұқсас жаңалықтар

Ғұн тарихы

Redaktor Site

Мұхтар Шаханов-Арман

Redaktor Site

Билл Гейтстің өмірбаяны

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz