Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Айнұр Төлеу — Сіңліге сыр

Сіңілім, қалың қалай?
Жүрмісің әпкеңді еш уайымдамай?
Жан төзгісіз мұңымды тұншықтырып,
Мен де жүрмін байқатпай жайымды оңай…
Ал, сенің қалың қалай?

Атанам деп ары бар,
Текті келін.
Мінезімді тым асау тепкіледім.
Жаулығымды бір сәтте суландырып,
Кірпік қақпай, күлкімен кептіремін.

Бақыттың жоғы қандай, бары қайсы?
Сен мені қазір көрсең, танымайсың?
Адамдаймын арманы аласарған,
Болмысына өзінің жаны қайшы!

Мендегі күй осындай…
Түріктің киносындай.
Сен ұйықтап жатырмысың?
Сырласып тұрайықшы жиі осылай?

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте жалдамалы пәтерде үндістандық студенттердің мәйіті табылды

redaktor_qazyr

Қарт ананың төрт ауыз сөзі

redaktor_qazyr

Балалық шағым кісі қызығарлықтай боп өткен жоқ

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz