Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Әкенің ұлына айтқан өсиеті

Ұлым менің! Кез келген адамның өзіндік ерекшелігін мойындай отырып, сен ешқандай істе оған қарсы шықпа, жауласпа, өз түсінік-пайымыңды оған күштеп тануға ынтықпа. Сенің қарсы әрекетің ақыл-еске қайшы келетін әрі бұл адамның өзіңнен артықшылығын жоққа шығаратын іс болып табылады. Бірақ, сонымен қатар басқалардың өзін басынуына ойланбастан жол беретін кез келген адам бейшара болып саналады.

Таза, сау дене мен орасан зор еңбекке негізделген қанағатшылдық пен көргенділік- адам еркінділігінің белгісі. Ұлым менің! Егер тәлімгерің сені әлдене үшін айыптаса, мұны пайдалы кенес деп қабыл ал. Егер ол сені ақиқат пен әділетке қарсы келетін іс-әрекеттен сақтандырса оны ұлы тілекшің мен иманды тәлімгерің деп сана да, ешқашан оған жаратпаушылықтың көлеңкесін де көрсетпе.

Ешбір істе абыржыма және үмітсіздікке салынба. Егер бүгін жағымсыз, арам істерге жол берсең, онда ертең үлкен жауыздықпен күресуіңе тура келеді.

Өзінің бейшаралығын мойындайтын, кем жане қор халіне ризашылық танытатын кез келген адам оңбағандар мен бейшаралардың қатарына жатады. Рас, кейде ақыл-ой өзін төмендетушілікке қарсы шығады, бірак бұл көбіне бүліктік әрекеттен ары аспайды.

Жиындарға қатысушылардың, ғалымдардың және білгір, зерделі азаматтардың арасындағы өзіңнің орнынды және шаманды біл.

Жиынға қатысушылардың арасындағы орныңды белгілеген кезде әділеттілік, теңдік және кішіпейілділік тәртібін сақта. Шариғатты жетік меңгерген жандар былай деп жазған: «Кұдай өз орнын білетін жане оны бузбайтын адамдарды кешіреді».

Ақылдың күшінен және қарапайым пайымдаудан сенің барлық істеріңнің сұлулығы, олардың ашық та, орасан зор пайдасы байқалады.

Егер алдап түсіру үшін құрылған торды керіп, оны болдырмауға тырыспасан, сен алдауға қатысушы әрі саткын болып есептелесің. Пифагордың айтқанына сүйенсек,екі түрлі іс-әрекеттен адамның бейшаралығы және дәрменсіздігі байқалады: бірінші пайдасыз іс жасау және ол туралы көп әңгімелеу; екінші өзінен сұралмаған іс жайлы көп әңгіме тарату. Егер шешеннің сөзі алтын болса, онда унсіздік — інжуге орнатылған лағыл.

Ұлым менің! Егер түрлі дәм қойылған Дастарқан басында отырсаң, оларға көз салма және тасылып жатқан аска да назар аударма. Өзіңді өзің билеп, сали тылық таныт. Басқалар сені және тәрби жан екен деп алмас үшін Керісінше алдымен кол жағдайда сені мен кары тыя алмайтын етінде жа қаласын Егер сені көздік пен рандыкка олар сені сін танытса, онда бағындырып алады да, кейін құтыла алмайтын боласын. Егер сенің жаныңның түрлі Кызықтар мен байлыққа ұмтылған Дуниеқоңыздығын тоқтата алмасан, онда ол сені тыйым салынған және жағымсыз әрекеттерге әкеліп соқтырады.

Ұқсас жаңалықтар

Фариза Оңғарсынова-Анама

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Әкем айтып отыратын 6 қағида

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz