Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ақсақалға зәрумін

Ақсақалға зәрумін, ақсақалға,
Ақ сақалы ұқсайтын ақша қарға.
Бал-бұл ұшты-ау көзімнен бүгіндері
Ақ сапарға аттанған жақсы атам да…

Сақал түгіл мұрты жоқ қарттарымның
Алдарында келмейді ақтарылғым.
Солар үшін мен кейді билік айтып,
Солар үшін мен кейде атқа міндім.

Тұяғына тұлпардың Ай тағалар,
Қариясыз қай көңіл жай таба алар?
Білгірлерім қайда екен, алғырларым,
Болашаққа бүгінді айта барар.

Жай ұғысып әй-шәйсіз жас талаппен,
Ел басқара білетін қас-қабақпен.
Қариялар бар ма екен арамызда
Ұрпағына ғұмырын дастан еткен?!

Жанын түйіп жүретін орамалға,
Шалдың бәрі ақсақал бола алар ма?
Келгенін де білдірмей, кеткенін де,
Ізім-қайым, жоқ әлде, жоғалар ма?

Қалтаңдаған қайықтай қаңбақ шалдар,
Қайтіп аман қаларсың жан бақсаңдар?
Ет-жүрегің езіліп елің үшін
Зар қақсаңдар қайтеді, зар қақсаңдар?!

Қоражай мен шықпайтын от басынан
Шал-шауқанда шаруам жоқ шөп тасыған.
Елім деген ер болса,
Ескерткішін
Самарқанның соғар ем көк тасынан!

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Кенен Әзірбаев

Redaktor Site

Тұманбай Молдағалиев

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz