Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ақұштап Бақтыгереева — Сенгім келмейді

Аптыққан жалын дәуреннің
Өтетініне,
Бойдағы жігер дәрменнің
Кететініне,
Гүл теріп белден сағымды
Қайтпайтыныма,
Сүйікті жарға назымды
Айтпайтыныма
Сенгім келмейді.

Ән сал деп қимас құрбыны
Қыстамайтыныма,
Қаламды қайта бір күні
Ұстамайтыныма,
Арманшыл жүрек лүпілі
Тоқтайтынына,
Мамалап қызым бір күні
Жоқтайтынына
Сенгім келмейді.

Сағыныш лаулап бойымда
Жанбайтынына,
Құрбының қызық тойына
Бармайтыныма,
Тек ұрпақ мені өмірге
Жалғайтынына,
Жыр жолы болып көңілде
Қалмайтыныма
Сенгім келмейді.

Ұқсас жаңалықтар

Міржақып Дулатов — Таршылық халіміз хақында аз мүнәжат

redaktor_qazyr

Талғат Теменов

Redaktor Site

Досым Омаров

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz