Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ақұштап Бақтыгереева — Сіңліге сыр

Осал да болма ойыңнан оңай адасқан,
Өжет те болма орынсыз сөзге таласқан.
Алдымен қызға керегі пәктік, адалдық,
Одан соң, жаным, жаз мінез керек жарасқан.

Айтарым тағы берік бол сертке бір сөйле,
Сабырлы таудың мінезі керек күлсең де.
Қыз мінез деген — сұлулық сыры өмірдің,
Жұмбақтай қиын жатқандай болсын бір сенде.

Десек те біздер «жастықтың сырын аз ұқтық»,
Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықтық.
Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным,
Жеңілмес мықты қаруың сенің — нәзіктік.

Қайғының жүгі жаныштап сені жатса да,
Досыңды «тағдыр талқысы сол» деп тастама.
Дұшпаның саған ойласа алуан қастандық,
Қалай да өзің жақсылық ойла басқаға.

Қадірлер сонда қалтқысыз танып асыл ер,
Өзгелер сені «адамның бірі — осы» дер.
Арыңа тиіп, жолыңды кескен тентектер
Алдыңа келіп өздері кейін бас иер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Күз-Қалқаман Сарин

Redaktor Site

Ашуға бой алдырмас бұрын

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz