Мәдениет

Ақыл, сана туралы мақал-мәтелдер

Көп жасаған білмейді,
Көп көрген біледі.

***

Ақмақ басқа,
Адырайған көз бітер.
Апандай ауызға,
Салдыраған сөз бітер.

***

Айла алтау,
ақыл жетеу.

***
Айла мен ақыл қосылса
Алдырмайтын екеу.

***

Ашу асып жүрген жерде,
Ақыл қашып жүреді.

***

Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.

***

Тұрмыс түзер ойыңды,
Ойың түзер бойыңды.

***

Ағайынға менмен су-
Ағат емей немене!?
Ақылдылар айтқан сөз-
Сағат емей немене!?

***

Алыстағыны-ақыл болжар,
Жақындағыны-пақыр болжар.

***

Ақыл-дос,ашу-дұшпан.

***

Дана,
Дананы да туған ана.

***

Кең ойлаған, кем ойламас.

***

Алтын алма ,ақыл ал.

***

Итке төсек не керек,
Естіге өсек не керек.

***

Ескерген ескісін сақтайды,
Ел болған естісін мақтайды.

***

Ашу-шабыстырады,
Ақыл-табыстырады.

***

Шам жарығы түбіне түспейді.

***

Әдемілік-ақылдыны сынды қылады,
Ақылсызды жынды қылады.

***

Ақылды адам ашықса,
Ақылымен тоғаяр.

***
Ақылсыз адам ашықса,
Аз ақылы жоғалар.

***

Ақылды ойлағанша,
Ақмақ суға кетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қым-қуыт тіршілікте көп нәрсе бізге мәселе болып көрінері анық

redaktor_qazyr

Сарыағаш — Түркістан пойызының жүру кестесі

redaktor_qazyr

Журналист,тележүргізуші Бейсен Құранбектің 8 қағидасы

redaktor_qazyr

Пікір жазу