Qazyr.kz
БілімМәдениет

Ақылбек Шаяхмет-Ағалар

Ұзатылған қыздай қып жолға салған ағалар,
Намысымды қамшылап, алға салған ағалар,
Серілердің еріккен шаңын қаққан ағалар,
Жеңгейлердің желіккен бабын тапқан ағалар,
Бұл жалғанның қадірін айтпай білген ағалар,
Сары алтындай сабырын сақтай білген ағалар,
Асыл сөзін кез келген айта білген ағалар,
Ашуынан тез келген қайта білген ағалар,
Жақсы менен жаманды танып өткен ағалар,
Мұзжарғыштай көк мұзды жарып өткен ағалар,
Білмесем оң-солымды қызартқан да ағалар,
Кеңітіп тар жолымды, ұзартқан да ағалар,
Жаны жайсаң ағалар, қайтпас, қайсар ағалар,
Аға бары жақсы екен еңбегіңді бағалар.
Үлгі болар бізге де өрге тартқан қара нар,
Арманым жоқ сіздерге іні болсам, ағалар!

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Сарқыт деген не?

redaktor_qazyr

Абай Құнанбайұлы-әсемпаз болма 

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты