Qazyr.kz порталы
Руханият

Әлем бізге аманат

Әлем бізге — аманат

Қадам бастың өмірге,
Әлем саған аманат.
Өмір сүрген өңірге,
Арың сенің аманат.

Ата-ана алдында,
Сенген сенім аманат.
Үлгі Ұстаз алдында,
Алған ілім аманат.

Сүйген жарың алдында,
Адалдығың аманат.
Кәсіп еткен әр істе,
Мамандығың аманат.

Әділ келсе билікке,
Оны қолдау аманат.
Қару алған әскерге,
Елін қорғау аманат.

Табиғаты әлемнің,
Адамзатқа аманат.
Тыныштығы әлемнің,
Адамзатқа аманат.

Алтынбек-Абыз Нұржан
Қазақстан

Ұқсас жаңалықтар

Мұқағали Мақатаев — Пай,пай өмір!

Redaktor Site

Президент Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерді наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz