Qazyr.kz
БілімМәдениет

Әлемдегі ең мықты әскерлер

Заман жаһанданған сайын қарулы күштер де дамып келе жатыр. Түрлі қару-жарақтар, әскери көліктер ел қорғауға арналған. Біздің жазбамыз әлемнің ең мықты жасақтары туралы болмақ.
Мамандарға ең мықты әскер бестігін белгілеу оңайға соқпағаны анық. Ол үшін жан жақты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осының аясында «Қазіргі заманның әскери жабдықталу деңгейі қандай?», «Қандай жасақ түрлері бар?» деген сұрақтарға жауап таптық.
1. Америка Құрама Штаттары әскері
АҚШ-тың құрлықтағы әскерінің құрамында 535 000 сарбаз бар, ішінде соғыс алаңында болып, тәжірибе жиғандары да жетерлік. Олар жаңа қару-жарақтармен жабдықталған. АҚШ-тың қорғаныс күшінің 10 әскери дивизиясын сансыз әскери бригадалар қолдап отырады. Әр дивизияда 3 бронетанкті бригада, механикаландырылған жаяу әскер, жеңіл қаруланған жаяу әскер, брондалған әскери «Stryker» көлігінің бригадасы, әуе-десанттық бригада мен әуе-шабуылдау бригадасы, сонымен қатар, бір авиация және артиллерия бригадасы бар. Әр бөлімшеде 14000-нан 18000-ға дейін әскери қызметкер бар. Бұл қарулы әскер АҚШ президенттері Картер мен Рейганның кезінде жасалған «Үлкен бестік» (Big 5) атты қаруландыру жүйесін қолданады. Аталған жүйенің құрамында әскери «M1 Abrams» танкі, әскери «M2 Bradley» көлігі, «AH-64 Apache» тікұшағы, реактивті ракеталарды ұшыратын «M270» қондырғысы мен зинит-ракетаға арналған «Patriot» қондырғылары 30 жыл бойы жұмыс істеп келе жатыр. АҚШ-тың арнайы жасағына үш диверсиялы-барлаушылар батальоны, арнайы қаруланған жеті топ пен «Дельта» (Delta Force) арнайы жасағы кіреді.
2. Қытайдың халықтық-тәуелсіз әскері
Қытай әскері – Азиядағы ең ірі әскер. Оның құрамындағы 1,6 миллион әскери қызметкердің міндеті – Қытай шекарасын қауіптен сақтау. Көрші және алыс аймақтақтарға құрлықтағы әскери күштің жобасын таныстыру бұл әскерилердің міндетіне жатады. Қытай әскерінің «Тип 99» танкісі соңғы он жылда жаңа сипатқа енді. Қытай әскері өз танкілерінің америкалық «M1 Abrams» танкісінен әлдеқайда мықты болуын жоспарлайды. «WZ-10» тікұшағы Қытай елінің алғашқы әскери тікұшағы боп есептеледі. Олар ескі қару-жарақтарды шетке ысырмаған. Олай дейтін себебіміз, қару-жарақ қатарында «Тип 59» танкісі де бар. Қытай жасағының қару-жарақтары шамамен 2-3 онжылдық арасында жаппай жаңаша түрге енуі мүмкін. Жасақ құрамында бронды танктер, механикалық және жаяу әскер бөлімшелері, сонымен қатар, 3 әуе-десанттық дивизия мен үш теңіз десанттық бригадасы бар.
3. Үнді әскері
Үнді әскерінің қатарында 1,12 миллион сарбаз қызмет етеді. Бұл дегеніміз, Азиядағы екінші ірі жасақ. Үнді әскерінің қатарында ел шекарасын қорғайтын құрлықтағы жасақ жоқ. 1,2 миллиард халқы бар мемлекет ішіндегі көтерілістерді басып, арнайы операциялар жасау үшін Үндістанға мейлінше қаруланған көп жаяу әскер қажет. Үндістанның ең мықты дивизиясы аса екпінді 4 корпусқа бөлінген, оның үшеуі Пәкістанмен шекаралас тұста, біреуі Қытаймен шекарлас жерде. Үндістанның қарулы күшінің қатарында екі теңіз десантты бригада мен 91 және 340-жаяу әскери бригада бар. Сонымен қатар, үш десантты батальон мен сегіз арнайы жасақталған бригада бар. Соңғы он жылда Үнді әскерінің қарулары өзгерді. 4. Ресейдің құрлықтағы жасағы
Бұл әскер Кеңес армиясының жобасында құрылған. 1991 жылы Кеңес одағы ыдыраған соң көптеген бөлімшелер Ресей әскерінің қатарына қосылған.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Минералды су зиян ба, пайдалы ма?

Redaktor Site

Айтақын Әбдіқал

Redaktor Site

Фельдмаршал Эрвин Йоханнес Ойген Роммель өмірінің соңғы жылдары

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты