Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Әлемдегі ең үлкен жанұя

Әлемдегі ең үлкен жанұя: 39 әйелі, 94 баласы және 33 немересі бар үнді азаматы

— Зиона Чана жанұясымен 100-бөлмелік төрт-қабатты үйде тұрады!
— Әйелдері үй қожайынының төсегіне кезекпен барады!
— Кешкі асқа 30 тауық кетеді!
Зиона жанұясы әлемдегі ең үлкен жанұя атағына ие болып отыр. 39 әйел алу себебін «Құдайдың сыйы және батасын алғандығы» деп түсіндіреді.
Зиона Чананың 94 баласы, 14 келіні және 33 немересі бар.
Үлкен жанұя Индияның Мизорам штатының Бактванг қалашығында 100-бөлмелік төрт қабаттан тұратын үйде тұрады.
«Қазір өзімді Құдайдың ерекше таңдаулы баласы сезінем. Ол маған осыншама адамның қамын ойлау мүмкіншілігін беріп отыр. 39 әйелдін күйеуі болып, әлемдегі ең үлкен жанұяның басы болу мені бақытты адам етеді», — дейді Чана мырза «Сан» газетіне берген сұхбатында.
Жанұяда әскери тәртіп орнаған, үйдің абысыны – Затьянги – басқа әйелдер арасында үй жинау, кір жуу және тамақ дайындау сияқты үй жұмыстарын үйлестірумен айналысады.
Бір күнгі кешкі асқа 30 тауық сойылып, 60 келі картоп ашылып, 100 келідей күріш пісіріледі екен.
Сонымен қатар, Чана мырза өз сектасын басқарады. Секта ережелері әйел алу санына шектеу қоймайды.
Бір жылдың ішінде он рет үйленгені де бар! Жас тоқалдарын өзіне жақын, үлкендерінің жататын жерін алшақтау ұстайды – алайда Чананын төсек орнына бару үшін кезектік жүйе орнатылған.
Ринкмини, Чананын 35 жасар әйелі – күйеуі туралы былай дейді: «Үйдегі ең маңызды адам болғандықтан, әрдайым оның жанынан кетпейміз. Сонымен қоса, ол ауылдағы ең көрікті кісі».
Тағы бір әйелі – Хунтарганкидің айтуы бойынша, үйдегі қарым-қатынас өте тамаша. Жанұялық қатынас «өзара сүйіспеншілік пен сенім» жүйесіне негізделген.
Чана мырзаның мұнымен тоқтайтын түрі жоқ. «Секта мүшелерінің санын көбейту мақсатында АҚШ-қа барып үйлену ойым бар», — дейді.

Ұқсас жаңалықтар

Серік Қалиев

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz