Qazyr.kz порталы
АймақӘмбебапЖаңалықтарҚазір

Алматыда құрылыс нысандарынның инженерлік желілеріне тексеру жүргізілуде

Алматы қаласында инженерлік желілердің құрылыс сапасын бақылау және заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында нысандарды инспекциялау тәртібі енгізілді. Бұл шешім қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жүзеге асуда деп хабарлайды Qazyr.kz

Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, мұндай нысандар жобалық-сметалық құжаттамаларға және жұмыстарды ұйымдастыру нормаларына сәйкестігі тұрғысынан тексеріледі. 2025 жылы 260 км жаңа желі салынып, 87 км инженерлік желі жаңғыртылмақ. Алайда, кейбір мердігер ұйымдардың сапасыз жұмысы қайта қалпына келтіруді қажет етіп отыр.

Жақында «Samryk SD» ЖШС мердігерлік ұйымының Рақышев көшесіндегі кабель желілерін төсеу жұмыстары тексерілді. Кабель төсеу тереңдігінің жобадан айтарлықтай ауытқып кеткені анықталды. Бұған қоса, бүкіл көше бойында қауіпсіздік қоршаулары мен ескерту белгілері қойылмаған.

Ұқсас заңбұзушылықтар Салықов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында да тіркелді. Осыған байланысты басқарма инспекторлары құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтатты. Мердігерге қатысты жоспардан тыс тексеру шеңберінде әкімшілік шаралар қабылданады.

Айта кетейік, биылдан бастап Алматыда құрылыс-монтаждау жұмыстарының тірек және қоршау конструкцияларын тұрғызу талаптарына сәйкестігін тексеру үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібі күшіне енді.

Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жалғастыруда. Келесі кезеңде инспекция нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарға жедел әрекет ету үшін қосымша шаралар қабылданбақ.

Алматыдағы бұл шаралар құрылыс сапасын арттыру, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қала инфрақұрылымын жүйелі дамыту мақсатында жүзеге асырылуда. Инженерлік желілердің құрылысын бақылау — қаланың болашақ тұрақты дамуына жасалған нақты қадам.

Ұқсас жаңалықтар

2026 жылдан бастап Алматыда мектептер бір ауысымда оқытуға көше бастайды

redaktor_qazyr

Роман Скляр Yutong International Co., Ltd басқарма төрағасымен кездесу өткізді

admin_qazyr

«Мұнай қатты арзандап кетті». Үкімет ел дамуының пессимистік сценариін әзірлеп жатыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz