Алматы қаласында қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті түрде реттеу мақсатында үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бағдарламасын жалғастыру көзделген. Бағдарламаны өткізу кезеңі — 2025 жылғы 1 сәуірден жыл соңына дейін, деп хабарлайды Qazyr.kz
Бағдарламаға қатысуға деректер қорында сенімді есепке алу үшін ветеринариялық паспорты мен микрочипы бар жануарлар жіберіледі. Микрочипы мен паспорты болмаған жағдайда, оларды төменде аталған кез келген емханадан қосымша ақы төлеп алуға болады. Иттер мен мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі 7 айдан 9 жасқа дейін, төбет иттер мен ер мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі 6 айдан 9 жасқа дейін.
Үй жануарларын зарарсыздандыру және піштіру бойынша қызмет:
тіркеу кітабына жануар иесінің алғашқы шағымын (анамнез жинау, операцияға жазылу) тіркеуді;
жануарларды алдын ала клиникалық тексеруді, операцияға қарсы көрсеткіштерді (жүктілік, овуляция, иммунитеттің төмендеуі, алдын ала егудің болмауы) анықтауды;
жануардың тірі салмағын анықтауды және наркоз мөлшерін есептеуді;
алдын ала емдеуді;
наркозға енгізуді;
жануарды бекемдеп байлауды;
операция жасау орнын дайындауды;
операция жасауды;
сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар сіңірілетін тігіс материалдарын қолдануды;
наркоздан шығаруды;
есепке алу кітабында физикалық деректерді тіркеуді;
жануарды күндізгі стационарға кемінде 10 сағат бақылауға жатқызуды;
операциядан кейінгі 3 күн ішінде операция жасалынған жануардың жағдайын бақылауды (телефон арқылы);
ықтимал асқынуларды болдырмау үшін операциядан кейін 10-12 күн өткен соң тігістердің жағдайын бақылауды қамтиды.