Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматыда Ұлттық домбыра күні қалай тойланады?

6 шілдеде Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Сахнада эстрада жұлдыздары, танымал домбырашылар және дәстүрлі әншілер өнер көрсетеді. Концерт Абай алаңында, Республика сарайының алдында ұйымдастырылады,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Мерекелік бағдарламаға Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева, Қазақстанның халық артисі Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның халық артисі Айгүл Қосанова, Қазақстанның халық артисі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының мүшесі Мейрамбек Бесбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, домбырашы-виртуоз Асылбек Еңсепов, сондай-ақ, танымал әнші Мөлдір Әуелбекова, «Қоңыр» және «Ulytau» топтары, «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына 17:00 мен 21:00 аралығында ел сүйіп тыңдайтын күйлер мен термелер, халық әндері мен еліміздің бай рухани мұрасын дәріптейтін шығармалар ұсынылады. Бұл концерт ұлттық музыка мен дәстүрлі өнерге деген терең құрметтің айқын көрінісіне айналмақ. Кіру тегін.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Сайрамда биогаз және интеграцияланған тыңайтқыштар өндіретін зауыт салынады

admin_qazyr

Алматы облысы Страсбург қаласында Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының сессиясында «Қазақ бұрышын» ұсынды

admin_qazyr

Ақжар мен Монтайтас ауылының шекарасында қандай қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz