Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Алтын орда туралы тарихи деректер

1235 жылы Моңғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайды Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның баласы Батый басқарған әскер Еділ мен Жайықтан өтіп, Орыс, Украина жерлерін бағындырып, Шығыс Еуропа елдерін талқандап, Адриат теңізіне дейін жетеді. Осыдан кейін Еділ бойында Батый Алтын Орда мемлекетін құрады. Алтын Ордаға Ертістен Днестірге дейінгі жерлер кіреді. Орыс княздары Алтын Орда билігін мойындайды. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болады.

Қоғамдық-саяси жағдайы. Алтын Орда әскери мемлекет болды. Ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болды. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Құрылтай мемлекеттің негізгі ұйымы болып саналды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашылардың қолында билік көп болды.

Шаруашылық пен мәдениеті. Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтарының басты шаруашылығы болды. Алтын Орда халықтары — мұсылмандар. Алтын Орда мемлекетінің алғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кейіннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылады. Алтын Орда дәуірі ортағасырлық түрік әдебиетінің дамыған кезеңі болды. Бұл кезеңдегі әдеби шығармалар: 1233 жылы «Қисса Жүсіп» (Әли), 1303 жылы «Кодекс-Куманикус», 1303 жылы «Қыпшақ тілі сөздігі», 1359 жылы «Махаббатнама» (Ахмет Хорезми дастаны), 1391 жылы «Гүлстан бит-түрки» (қыпшақ ақыны Сараи), 1409 жылы «Жүсіп-Зылиқа» (Дүрбек ақын). Осы дәуірде «Қырық батыр» жыры дүниеге келеді. Бұл туындыда қырық қыпшақ батырларының ерлігі туралы баяндалады.

Ұқсас жаңалықтар

Не жетеді түсініс,ұғынысқа!

redaktor_qazyr

Міржақып Дулатұлы — Қайда едің?

Redaktor Site

Альберт Эйнштейннің өмірі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz